Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Жын-шайтан
        3. Жын-шайтан бар ма?
        Жын-шайтан бар ма?

        Жын-шайтан бар ма?

        Жын-шайтанның барлығына қандай дәлелдер бар?

        Жауап: 

        Кейбір адамдар жын-шайтанның барлығына шәк келтіріп, күмәнмен қарайды. Жын-шайтанның барлығына дәлелдейтін түрлі айғақтар жеткілікті. Құран Кәрімнен алынған дәлелдер төмендегідей.

        ﴿وَإِذْ صَرَفْنَا إِلَيْكَ نَفَراً مِّنَ الْجِنِّ يَسْتَمِعُونَ الْقُرْآنَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوا أَنصِتُوا فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوْا إِلَى قَوْمِهِم مُّنذِرِينَ  

        «Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар келген кезде бір-біріне: «Тыңдаңдар», – десті. Ал ол (оқылып) біткенде олар өз қауымдарына ескертуші болып барды» (Ахқаф, 29).

        ﴿يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ وَالإِنسِ أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلٌ مِّنكُمْ يَقُصُّونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِي وَيُنذِرُونَكُمْ لِقَاء يَوْمِكُمْ هَـذَا 

        «(Қиямет күні) Әй, жындар мен адамдар тобы! Сендерге араларыңнан аяттарымды баян етіп, осы күндегі кездесулеріңді ескертетін бір елшілер келмеп пе еді? (делінеді)» (Әнғам, 130).

        ﴿يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ وَالْإِنسِ إِنِ اسْتَطَعْتُمْ أَن تَنفُذُوا مِنْ أَقْطَارِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ فَانفُذُوا لَا تَنفُذُونَ إِلَّا بِسُلْطَانٍ﴾

        «Әй, жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен ғана өте аласыңдар» (Рахман, 33).

        ﴿قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اسْتَمَعَ نَفَرٌ مِّنَ الْجِنِّ فَقَالُوا إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآناً عَجَباً

        «(Уа, Мұхаммед! Оларға:) Маған жындардан бір тобының Құран тыңдағаны туралы уахи етілді де. Сонда олар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық», – десті» (Жын, 1).

        ﴿وَأَنَّهُ كَانَ رِجَالٌ مِّنَ الْإِنسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِّنَ الْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقاً 

        «Шынында адамдардан кейбір ерлер жындардың кейбір ерлеріне сиынып, олардың менменсуін арттыра түсетін еді» (Жын, 6).

        ﴿إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاء فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ اللّهِ وَعَنِ الصَّلاَةِ فَهَلْ أَنتُم مُّنتَهُونَ﴾

        «Негізінен шайтан арақ пен құмарда араларыңда дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал, сонда да тыйылмайсыңдар ма?» (Мәида, 91).

        ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ وَمَن يَتَّبِعْ خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ فَإِنَّهُ يَأْمُرُ بِالْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ﴾

        «Уа, иман келтіргендер! Шайтанның іздерін баспаңдар! Кім шайтанның ізімен жүрсе, расында ол (шайтан) азғындық пен теріс іске үгіттейді..» (Нұр, 21).

        Жалпы Құран Кәрімнен дәлелдер жеткілікті. Мәселен, онда Жын деп аталатын біртұтас сүренің барлығын, «жын» сөзінің жиырма екі рет, ал, бұл сөздің көпше түрі «жаан» (жындар) сөзінің жеті рет, «шайтан» сөзінің алпыс сегіз рет, оның көпше түрі «шайаатиин» сөзінің он рет қайталанып келуінің өзі бұлардың шын мәнінде бар екендігіне жетіп артылатын айғақ емес пе? Мұнан өзге де дәлелді аяттар молынан кездеседі.

        Сүннеттен дәлелдер

         عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: »كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاتَ لَيْلَةٍ فَفَقَدْنَاهُ فَالْتَمَسْنَاهُ فِي الأَوْدِيَةِ وَالشِّعَابِ فَقُلْنَا اِسْتُطِيرَ أَوْ اُغْتِيلَ، قَالَ: فَبِتْنَا بِشَرِّ لَيْلَةٍ بَاتَ بِهَا قَوْمٌ فَلَمَّا أَصْبَحْنَا إِذَا هُوَ جَاءَ مِنْ قِبَلِ حِرَاءٍ قَالَ: فَقُلْنَا يَا رَسُولَ اللهِ، فَقَدْنَاكَ فَطَلَبْنَاكَ فَلَمْ نَجِدْكَ فَبِتْنَا بِشَرِّ لَيْلَةٍ بَاتَ بِهَا قَوْمٌ، فَقَالَ:» آتَانِي دَاعِي الْجِنِّ فَذَهَبْتُ مَعَهُ فَقَرَأْتُ عَلَيْهِمُ الْقُرْآنَ، قَالَ: فَانْطَلَقَ بِنَا فَأَرَانَا آثَارَهُمْ وَآثَارَ نِيرَانِهِمْ وَسَأَلوُهُ الزَّادَ«، فَقَالَ: »لَكُمْ كُلُّ عَظْمٍٍ ذُكِرَ اسْمُ اللهِ عَلَيْهِ يَقَعُ فِي أََيُدِيكُمْ أَوْفَرُ مَا يَكُونُ لَحْمًا وَكُلُّ بَعْرَةِ عِلْفٌ لِدَوابِّكُمْ«، فَقَالَ رَسُولُ الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »فَلاَ تَسْتَنْجُواْ بِهِمَا فَإِنّهَُمَا طَعَامُ إِخْوَانِكُمْ.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

        Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Ибн Масғұд (р.а.) былай дейді: «Бірде түнге қарай Расулалланы (с.а.с.) жоғалтып алдық. Оны қаланың ішінен де, аңғарлар мен тау соқпақтарынан да іздестіріп таба алмадық. «Аспанға көтеріліп әкетілді, не болмаса оған қастандық жасалды» деп ойлап, қатты мұңайып жаттық. Бұл біз үшін өте қобалжу түні болды. Таңертең тұрып қарасақ, ол Хира үңгірі жағынан келе жатыр. Біз одан: «Ау, Расулалла! Кеше түнімен сізді іздеп таба алмадық қой. Бұл түн біз үшін өте қиын болды»,– дестік. Сонда ол: «Маған кеше жындардың шақырушысы келіп, соларға барып Құран оқып бердім»,– деді. (Ибн Масғұд) айтты: «Ол (с.а.с.) бізді апарып олардың (жындардың) іздерін, от жаққан ошақтарын көрсетті. Олар өздерінің тағамдары туралы сұрапты. Сонда Расулалла (с.а.с.): «Сендерге қолдарыңа тап болған кез келген Алланың есімі аталған сүйектер (халал). Бұл сендер үшін еттен де артық. Ал малдың жапалары сендердің көліктеріңнің жем-шөбі»,– деп жауап беріпті. Сосын Расулалла (с.а.с.): «Ол екеуімен (сүйекпен, малдың тезегімен) истинжа жасамаңдар, ол – бауырларыңның (мұсылман жындардың) тағамы», деді». (Мүслім риуаят еткен).

        عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ لِي رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنِّي أَرَاكَ تُحِبُّ الْغَنَمَ وَالْبَادِيَةَ فَإِذَا كُنْتَ فِي غَنَمِكَ أََوْ بَادِيَتِكَ فَأَذَّنْتَ بِالصَّلاَةِ فَارْفَعْ صَوْتَكَ بِالنِّدَاءِ فَإِنَّهُ لاَ يَسْمَعُ مَدَى صَوْتِ الْمُؤَذِّنِ جِنٌّ وَلاَ إِنْسٌ وَلاَ شَيْءٌ إِلاَّ شَهِدَ لَهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ.« رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

        Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бірде Расулалла (с.а.с.) маған былай деді: «Мен сенің түзде қой бағып жүруді жақсы көретініңді білемін. Егер түзде намазға азан шақырсаң даусыңды көтеріп шақыр. Өйткені азаншының даусынының жаңғырығын естіген жын болсын, адам болсын, басқа зат болсын, Қиямет күні оған куәгер болады» (Бұхари, Мәлік, Нәсәи, Ибн Мәже риуаят еткен).

        عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: اِنْطَلَقَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي طَائِفَةٍ مِنْ أَصْحَابِهِ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ وَقَدْ حِيلَ بَيْنَ الشَّيَاطِينِ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ وَأُرْسِلَتْ عَلَيْهِمُ الشُّهُبُ، فَرَجَعَتِ الشَّيَاطِينُ إِلَى قَوْمِهِمْ، فَقَالُواْ: مَا لَكُمْ؟ فَقَالُواْ: حِيلَ بَيْنَنَا وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ وَأُرْسِلَتْ عَلَيْنَا الشُّهُبُ، قَالُواْ: مَا حَالَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ إِلاَّ شَيْءٌٌ حَدَثَ، فَاضْرِبُواْ مَشَارِقَ الأَرْضِ وَمَغَارِبَهَا، فَانْظُرُواْ مَا هَذَا الَّذِي حَالَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ، فَانْصَرَفَ أُولَئِكَ الَّذِينَ تَوَجَّهُواْ نَحْوَ تِهَامَةَ، إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَهُوَ بِنَخْلَةٍ عَامِدِينَ إِلَى سُوقِ عُكَاظٍ وَهُوَ يُصَلِّي بِأَصْحَابِهِ صَلاَةَ الْْْفَجْرِ، فَلَمَّا سَمِعُواْ الْقُرْآنَ اسْتَمَعُواْ لَهُ، فَقَالُواْ: هَذَا وَاللهِ الَّذِي حَالَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ خَبَرِ السَّمَاءِ فَهُنَالِكَ حِينَ رَجَعُواْ إِلَى قَوْمِهِمْ فَقَالُواْ: يَا قَوْمَنَا إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ، فَآمَنَّا بِهِ وَلَنْ نُشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا، فَأَنْزَلَ اللهُ عَلَى نَبِيِّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ﴿قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اسْتَمَعَ نَفَرٌ مِّنَ الْجِنِّ، وَإِنَّمَا أُوحِيَ إِلَيْهِ قَوْلُ الْجِنِّ.« رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

        Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) бір топ сахабаларымен Ұказ жәрмеңкесіне қарай бет алды. Сонда шайтандар аспаннан түскен хабарға кедергі келтірмек болған. Сол кезде оларға қарай күлгін түсті жұлдыздар атылған. Шайтандар елдеріне қайтқанда қауымдары олардан: «(Неге тез оралдыңдар?) Сендерге не болды?» – деп сұрайды. Сонда олар: «Аспаннан түскен хабарға кедергі келтірмекші болып едік, бізге қарай күлгін жұлдыздар жіберілді», – деп жауап берді. Сонда қауымдары: «Онда сендерге бір нәрсе кедергі болған болуы керек. Жер бетін шығысы мен батысын толық шарлап шығыңдар. Аспан хабары мен сендердің араларыңда кедергі болған нәрсені іздестіріңдер», – деп бұйырады. Жындардың  Тиһама аймағына барған тобы бір құрма ағашының түбінде Ұказ жәрмеңкесіне бара жатқан Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабаларын көреді. Олар мұнда таң намазын оқып жатыр екен. Сонда жындар Құран аяттарын естіп, құлақтарын түріседі. Сосын: «Демек, сендердің аспан хабарымен араларыңа кедергі болған нәрсе осы екен ғой», – десіп дереу қауымдарына қайтады. Оларға барып: «Уа, қаумымыз! Біз туралыққа бастайтын бір керемет Құранды естіп, оған иман келтірдік. Енді Раббымызға еш серік қоспаймыз», – дейді. Осыдан кейін Пайғамбарға (с.а.с.): «Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді де» деген аяттар (Жын, 1) түсірілді. Онда Расулаллаға (с.а.с.) жындардың сөздері айна-қатесіз уахи етілді» (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен хадис).

        عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «خُلِقَتِ الْمَلاَئِكَةُ مِنْ نُورٍ وَخُلِقَ الْجَانُّ مِنْ مَارِجٍ مِنْ نَارٍٍ وَخُلِقَ آدَمُ مِمَّا وُصِفَ لَكُمْْ.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

        Айша анамыз (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Періштелер нұрдан жаратылды. Жындар от жалынынан жаратылды. Ал Адам сендерге сипатталынған нәрседен (саз топырақтан) жаратылды». (Мүслім, Ахмет риуаят етті).

        Бірауызды сахих хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген:

        قَالَ‏ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ‏ «‏الشَّيْطَانُ يَجْرِي مِنِ ابْنِ آدَمَ مَجْرَى الدَّمِ‏». مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ. ‏‏

        «Шайтан адам баласының қан ағысымен ағып жүреді». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен хадис.

        عَنِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِذَا أَكَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَأْكُلْ بِيَمِينِهِ وَإِذَا شَرِبَ فَلْيَشْرَبْ بِيَمِينِهِ فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَأْكُلُ بِشِمَالِهِ وَيَشْرَبُ بِشِمَالِهِ.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

        Абдолла ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Біреулерің тамақ жегенде оң қолымен жесін, су ішсе оң қолымен ішсін. Шындығында шайтан сол қолымен жеп, сол қолымен ішеді» (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

        عَنْ أََبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: اَلرُّؤْيَا مِنَ اللهِ وَالْحُلُمُ مِنَ الشَّيْطَانِ، فَإِذَا حَلَمَ أَحَدُكُمْ حُلْمًا يَكْرَهُهُ فَلْيَنْفَثْ عَنْ يَسَارِهِ ثَلاَثًا وَلََْيَتَعَوَّذْ بِاللهِ مِنْ شَرِّهَا فَإِنَّهَا لَنْ تَضُرَّهُ.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

        Әбу Қатададан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ізгі түс Алладан, ал, жаман түс шайтаннан. Кім ұнатпайтын түс көрсе сол жағына үш рет үрлеп, Алланың атымен одан (шайтаннан) сақтансын, (сонда) ол еш зарар келтіре алмайды» (Бұхари мен Мүслім риуаяты).

        عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا تَثَاوَبَ أَحَدُكُمْ فَلْيَمْسِكْ بِيَدِهِ عَلَى فِيهِ فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَدْخُلُ.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

        Әбу Сағид Әл-Худриден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Біреулерің есінесе қолымен аузын жапсын, өйткені шайтан кіріп кетеді» (Мүслім мен Дарими риуаяты).

        Бұл тақырыпта хадистер жеткілікті. Бірақ біз осымен шектелуді қаладық. Осы арқылы жын-шайтандардың бар екендігі, күмәнсыз ақиқат екендігі анықталды. Енді ол жайында Алла жолынан бет бұрып, әуейілігіне ерген тоңмойын тәкаппар ғана таласады.