
Дәреттің сүннетері қандай?
Сұрақ: Дәреттің сүннетері қандай?
Жауап:
Дәреттің сүннеттері
С: Дәреттің сүннеттері қандай?
Ж: Дәреттің сүннеттері мыналар:
- Ниет. Хадестен арылуға ниет етеді немесе дәретсіз істеуге болмайтын істі атқаруға ниет етеді. Сол үшін дәрет алады.
- Дәрет алудан бұрын екі қолын білезігіне дейін үш рет жуу. Бұл іс, әсіресе, ұйқыдан тұрған кісілерге арналған.
- Дәрет алудан бұрын «Бисмилланы» айту.
- Тісін мисуакпен тазалау.
- Аузын сумен үш рет шайқау (мадмада).
- Мұрынға үш рет су алып, сіңбіріп тастау.
- Бастың шаш өскен жеріне толықтай мәсіх тарту.
- Екі құлаққа мәсіх тарту.
- Саусақтардың арасына су жіберу үшін тарамдау.
- Сақалдың арасына су жіберу үшін сулы қолмен тарамдау.
- Жууды реттен орындау.
- Мүшелерді Құран Кәрімде келген ретпен жуу:
– бетті;
– екі қолды шыртақтармен;
– басқа мәсіх тарту;
– екі аяқты тобықтармен жуу.
- Бәрін оңнан бастау. Мысалы, бірінші оң қолын, сосын сол қолын, бірінші оң аяғын, сосын сол аяғын жуу.
- Дәрет істерін арасын үзбей, яғни бірінен кейін бірін бір уақытта орындау.
- Мойынға мәсіх тарту.