
Дәрет қандай жағдайларда бұзылады?
Сұрақ: Дәрет қандай жағдайларда бұзылады?
Жауап:
Дәретті бұзатын жәйттер
С: Ер мұсылман мен әйелдің дәреті қашан бұзылады?
Ж: Дәрет төменгі жағдайларда бұзылады. Бұлар дәретті бұзатын жәйттер деп аталады.
- Үлкен дәрет сындыру.
 - Желдің алдынан немесе артынан дыбыспен және дыбыссыз шығуы.
 - Кіші дәреттің, уәди, мәзи сұйықтарының шығуы.
 - Денеден қан,ірің шығуы. Осылардың көлемі шыққан жерінен асып кетсе тазартылуы міндетті.
 - Ауыз толтырып құсу.
 - Жамбастап ұйықтау.
 - Жантайып немесе сүиенген нәрсесі алынса құлап кетердей сүиеніп ұйықтау.
 - Есінен алжасу.
 - Жындану.
 - Намазда дауыстап күлу.
 
Осы аталған жәйттардың біреуі орын алса дәрет бұзылады.