
Парыз ғұсыл дегеніміз не?
Сұрақ: Парыз ғұсыл дегеніміз не?
Жауап:
Парыз ғұсыл
С: Үлкен хадес қалай болады? Қашан ғұсыл парыз болады?
Ж: Үлкен хадес, яғни бой дәретсіздік төмендегі жағдайларда болады.
- Ер кісі немесе әйел кісі ұйықтап жатқанда денесінен ұрық (мәни) шығуы.
- Ер кісінің жыныс мүшесінің ұшының әйелдің алдына немесе артына енгізілуі.Ұрық шықса да, шықпаса да бәрібір.
- Ер кісіден немесе әйелден ұрықтың күшпен немесе шәһуатпен шығарылуы. Аталған үш жағдайдағы ер кісі не әйел жүніп халіндегі адам деп аталады.
- Әйелдер үшін етекірдің тоқтауы.
- Әйелдер үшін босанғаннан кейінгі қанның тоқтауы.
С: Денеден мәзи немесе уәди сұйықтары шықса ғұсыл алу керекпе?
Ж: Бұл екеуі шықса ғұсыл алу мірдетті емес.Мұнда тек дәрет бұзылады.