Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Намаз дегеніміз не?
        Намаз дегеніміз не?

        Намаз дегеніміз не?

        Сұрақ: Намаз дегеніміз не?

        Жауап: 

         С: Ислам дініндегі намаздың үкімі қандай?

        Ж: Намаз – Исламның иманнан кейінгі ең басты тірегі. Исламның ең негізгі діңгегі. Бұл туралы Құран Кәрімде көп айтылған. Бұл балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу кез келген мұсылман ер мен әйелге парыз. Кімде-кім намаздың парыз екендігін мойындамаса, ол Ислам дінінен шығып кеткен болып есептеледі.

        С: Балаларды неше жастан намаз оқуға бұйыру керек?

        Ж: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Балаларыңды жеті жастан бастап намазға бұйырыңдар. Он жасқа жеткенде ұрып болсын намаз оқытыңдар. Осы жастан қыз бен ұлдың төсектерін бөлектетіңдер», – деп бұйырған. Сондықтан ата-аналар баласына намаз оқытуды қолға алулары керек. Ал, Алла Тағала: «Отбасыңа намаз оқуды бұйыр, өзің де сабырлылықпен орында», – деген (Таһа,132).