Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Намаздың парыздары қандай?
        Намаздың парыздары қандай?

        Намаздың парыздары қандай?

        Сұрақ: Намаздың парыздары қандай?

        Жауап: 

        Намаздың парыздары

         С: Намаздың парыздары қандай?

        Ж: Намаздың парыздары алтау:

        1. Тәкбір тахриме – намазды бастау тәкбірі.
        2. Қиям – Намазда тік тұру.
        3. Бір аят болса да қырағат қылу.
        4. Рукуғ.
        5. Сәжде.
        6. Тәшәһһуд оқитын уақыт мөлшеріндей соңғы отырыс.

        С: Бұл парыздың үкімі не?

        Ж: Бұл парыздардың барлығы толықтай орындалуы тиіс. Егер де біреуі ұмытылып не әдейі тасталып кетсе намаз дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда намазды басынан бастап қайта оқу қажет. Дұрыс орындалмаған парызды сәһу сәждесі толықтыра алмайды.