Намаздың уәжіптері қандай?
Сұрақ: Намаздың уәжіптері қандай?
Жауап:
Намаздың уәжіптері
С: Намаздың уәжіптері қандай?
Ж: Намаздың уәжіптері мыналар:
- Фатиха сүресін оқу.
- Фатихадан кейін бір қысқа сүре немесе үш қысқа аят оқу.
- Фатиханы қосымша сүреден бұрын оқу.
- Парыз намаздың алғашқы екі рәкәғатында қырағат оқу.
- Намаз рүкіндерін асықпай, мұқият орындау.
- Бірінші отырыс.
- Бірінші, екінші отырыстарды тәшәһуд дұғасын оқу.
- Намаздан сәлем беріп шығу.
- Үтір намазында құнұт дұғасын оқу.
- Айт намаздарында қосымша тәкбірлерді айту.
- Имамның таң, жұма, айт, тарауық, ақшам, құптан, үтір намаздарын дауыстап оқуы.
- Бесін мен екінтінің, ақшам мен құптанның соңғы екі рәкәғаттарын іштей оқу.
С: Уәжіптердің үкімі не?
Ж: Осы уәжіптердің біреуі әдейі тасталып кетсе қайтадан оқу қажет. Ал, егер ұмытып тастаса сәһу сәждесін жасайды.