Намаздың әдептері қандай?
Сұрақ: Намаздың әдептері қандай?
Жауап:
С: Намаздың әдептері қандай?
Ж: Намаздың әдептеріне төмендегілер жатады:
- Ер кісі үшін алғашқы тәкбірді алғанда екі қолын жеңдеріне шығару.
- Намаз оқып тұрғанда сәжде жасалатын жерге қарап тұру. Ал, рукуғта аяғының үстіне, сәждеде мұрынның жақтарына, отырғанда санына, сәлем бергенде екі иықтарына қарау.
- Жөтел келіп қалғанда мүмкіндігінше тежеу.
- Есінегісі келгенде аузын ашпау.