Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. ИСЛАМ ШАРИҒАТЫНЫҢ РЕИНКАРНАЦИЯҒА КӨЗ ҚАРАСЫ ҚАНДАЙ?
        ИСЛАМ ШАРИҒАТЫНЫҢ  РЕИНКАРНАЦИЯҒА КӨЗ ҚАРАСЫ ҚАНДАЙ?

        ИСЛАМ ШАРИҒАТЫНЫҢ РЕИНКАРНАЦИЯҒА КӨЗ ҚАРАСЫ ҚАНДАЙ?

         

        Реинкарнация – адам дүние салғаннан кейін жаны тәнінен шығып, басқа денеге орнығуы немесе рухтың бір денеден екінші денеге көшуі. Бұл өзге дін өкілдерінің сеніміне тән дүние.


        Мұндай жалған сенім ислам дінінің негіздеріне түбегейлі қайшы. Өйткені өлім ақиқат. Арғы дүниеге аттанған адам, қайта бұл дүниеге оралмайды. Алла Тағала Құранда былай дейді:


        كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۖ ثُمَّ إِلَيْنَا تُرْجَعُونَ


        «Әрбір жан өлімнің дәмін татады, Сосын Біз жаққа қайтарылады»[1].


        حَتَّى إِذَا جَاءَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ رَبِّ ارْجِعُونِ لَعَلِّي أَعْمَلُ صَالِحًا فِيمَا تَرَكْتُ كَلَّا إِنَّهَا كَلِمَةٌ هُوَ قَائِلُهَا وَمِنْ وَرَائِهِمْ بَرْزَخٌ إِلَى يَوْمِ يُبْعَثُون


        «Олардың әрбіріне өлім келген сәтте: «Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен дүниеге барып жақсы іс істермін»-(деп жалынады) Әсте олай емес. Рас, бұл олардың айтқан бос сөздері ғана. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар»[2], - делінген.


        Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:


        كُلُّ ابْنِ آدَمَ يَأْكُلُهُ التُّرابُ إلَّا عَجْبَ الذَّنَب منه خُلِقَ وفيهِ يُرَكَّبُ


        «Адам баласының барлық жерін топырақ жейді (яғни, шірітеді). Тек құйымшақ қана шірімейді. Адам құйымшақтан жаратылған және содан қайта құрылып, қайта жаратылады»[3], – дейді.


        Реинкарнацияға сену – ақиретті, өлгеннен кейін қайта тірілуді теріске шығарумен тең. Ақыретке сену иман шарттарының бірі. Ал, иманның бір шартын қабыл етпеу күпірліктің белгісі.


        Қорытындылай келе, реинкарнация сенімі ислам негіздеріне толық қайшы. Мұндай сенімге илану мұсылманды адасушылыққа әрі күпірлікке алып барады.

         

         

        Диас Тұрсынбекұлы

        Ақмола облысы бойынша пәтуаға жауапты маман

         



        [1] «Анкабут» сүресі, 57-аят.

        [2] «Мүминун» сүресі, 99-100 аяттар.

        [3] Муслим,2955.