Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Әйелдің намазының айырмашылықтары қандай?
        Әйелдің намазының айырмашылықтары қандай?

        Әйелдің намазының айырмашылықтары қандай?

        Сұрақ: Әйелдің намазының айырмашылықтары қандай?

        Жауап: 

        Әйелдің намазының айырмашылықтары

         С: Жоғарыда баяндалған үлгі ер мен әйелдің екеуіне де бірдей ме?

        Ж: Бұл ер мен әйелдің екеуіне де қатысты, бірақ та әйел намазының мынандай айырмашылықтары бар:

        1. Әйел екі қолын кеудесінің үстіне қояды.
        2. Тәкбір алғанда екі қолын жеңінен шығармайды.
        3. Екі қолын иығына дейін көтереді.
        4. Рукуғта тізесіне саусақтарының арасын ашпай, біріктіріп қояды.
        5. Рукуғта толық емес, шамалы ғана еңкейеді.
        6. Рукуғта шынтақтарын денесіне жапсырып ұстайды.
        7. Сәждеде ішін аяқтарына тигізіп ұстайды.
        8. Отырғанда аяқтарын оң жағына шығарып, жамбастап отырады.
        9. Сәжде жасағанда екі шынтағын жерге төсейді.
        10. Дауыстап оқитын намазды іштен оқиды.