Әйелдің намазының айырмашылықтары қандай?
Сұрақ: Әйелдің намазының айырмашылықтары қандай?
Жауап:
Әйелдің намазының айырмашылықтары
С: Жоғарыда баяндалған үлгі ер мен әйелдің екеуіне де бірдей ме?
Ж: Бұл ер мен әйелдің екеуіне де қатысты, бірақ та әйел намазының мынандай айырмашылықтары бар:
- Әйел екі қолын кеудесінің үстіне қояды.
- Тәкбір алғанда екі қолын жеңінен шығармайды.
- Екі қолын иығына дейін көтереді.
- Рукуғта тізесіне саусақтарының арасын ашпай, біріктіріп қояды.
- Рукуғта толық емес, шамалы ғана еңкейеді.
- Рукуғта шынтақтарын денесіне жапсырып ұстайды.
- Сәждеде ішін аяқтарына тигізіп ұстайды.
- Отырғанда аяқтарын оң жағына шығарып, жамбастап отырады.
- Сәжде жасағанда екі шынтағын жерге төсейді.
- Дауыстап оқитын намазды іштен оқиды.