Намазда істеуге болмайтын, істесе мәкруһ болатын іс-әрекеттер қандай?
Сұрақ: Намазда істеуге болмайтын, істесе мәкруһ болатын іс-әрекеттер қандай?
Жауап:
Намаздың мәкруһтері
С: Намазда істеуге болмайтын, істесе мәкруһ болатын іс-әрекеттер қандай?
Ж: Намаз оқушыға мына нәрселерді істеу мәкруһ:
- Киімімен немесе денесімен ойнау.
- Жерде жатқан майда тастарды алу. Сәжде жасауға кедергі келтірсе тек бір рет ысыруға болады.
- Саусақтарын сатырлатып, бір-бірімен айқастыру.
- Қолын бетіне таяну.
- Киімін ағыту, жинау.
- Шаштарын қайыру.
- Оңға, солға басын бұру.
- Отырғанда ит сияқты шоқиып отыру.
- Білектерін жерге тигізіп сәжде жасау.
- Сырттан сәлемдескенге қолымен сәлем қайтару.
- Үзірсіз малдасын құрып отыру.
- Маңдайы мен мұрнына жұққан шаңды қолымен сүрту.
- Аузына Құран оқуға кедергі келтіретін нәрсе салып тұру.
- Көңілін аударатын, тақуалықты бұзатын кез-келген іс-әрекет.