Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Намаз оқып жатқанда намаз оқушының дәреті бұзылса не істейді?
        Намаз оқып жатқанда намаз оқушының дәреті бұзылса не істейді?

        Намаз оқып жатқанда намаз оқушының дәреті бұзылса не істейді?

        Сұрақ:  Намаз оқып жатқанда намаз оқушының дәреті бұзылса не істейді?

        Жауап: 

        Намазда дәрет бұзылу

         С: Намаз оқып жатқанда намаз оқушының дәреті бұзылса не істейді?

        Ж: Намаздан шығып, дәрет алып келіп, намазын әрі қарай жалғастырады. Қайтадан бастағаны абзал.

        С: Ал, егер ол кісі имам болса ше?

        Ж: Егер имам болса артында ұюшылардың бірін орнына қалдырып шығып кетеді. Имам болған кісі намазды тәмамдайды.

        С: Егер имам орнына қойған ұюшы намазға кейін қосылғандардан болса ше?

        Ж: Ондай жағдайда ол имамның қалған намазын оқып, орнына намазды имаммен бірге бастаған адамды (мудрик) қалдырады.

        С: Тәшәһһуд оқу мөлшеріндей отырған соң дәреті бұзылса не істейді?

        Ж: Намаздан шығып, дәрет алып, намазын тәмамдайды.

        С: Осы аралықта, яғни дәреті бұзылған соң сөйлессе үкімі не?

        Ж: Намазы бұзылады. Намазын қайта оқуы қажет. Біліп сөйлесе де, ұмытып сөйлесе де бәрібір.

        С: Осы жағдайда дәретін алып келу кезінде құбыладан басқа жаққа бұрылса намазы бұзыла ма?

        Ж: Бұл кешірімді. Дәрет алып келу үшін қанша қадам жүрсе де намазы бұзылмайды.

        С: Намаз кезінде бой дәреті бұзылса жуынып келіп, қайтадан жалғастыруына бола ма?

        Ж: Намазда ұйықтап қалып, жүніп болса немесе жынданса, есінен танса немесе дауыстап күлсе намазы бұзылады. Бұл намазды қайтадан жалғастыруға болмайды. Бірінші жағдайда ғұсыл алып, намазын қайта оқу керек.