УА АЛАЙКУМ ДЕП ЖАУАП БЕРУГЕ БОЛА МА?
Сәлем беру сүннет, ал жауап қайтару парыз. Бұған дәлел Алла Тағаланың аяты:
وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيَّةٍ فَحَيُّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدُّوهَا
«(Уа, мүминдер) Сендерге сәлем беріліп, игі ниет білдірілгенде, сендер одан да артық ниет білдіріп, одан жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл солай сәлем қайтарыңдар»[1].
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
التسليم تطوُّعٌ، والرد فريضةٌ
«Сәлем беру сүннет, ал жауап қайтару парыз[2]» - деген.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзімен де ісімен
де сәлемді қалай қайтару керектігін көрсетіп кеткен. Кем дегенде «уа алайкум
ассалам» деп жауап берілуі қажет. Ал енді мұсылман емес біреу: кітап иелері
яһуди немесе христиан сәлем берсе шариғат бойынша оған «уа алайкум» (сізге де)
деп жауап қайтарылады. Әнастан жеткен риуаятта:
أن يهوديًّا أتى على النبي صلى الله عليه وسلم وأصحابه فقال: السام عليكم. فرد عليه القوم. فقال نبي الله صلى الله عليه وسلم: هل تدرون ما قال هذا؟ قالوا: الله ورسوله أعلم، سلَّم يا نبي الله. قال: لا. ولكنه قال كذا وكذا، رُدّوه. فردوه. قال: قلت: السام عليكم. قال: نعم. قال: نبي الله صلى الله عليه وسلم عند ذلك: إذا سلم عليكم أحد من أهل الكتاب فقولوا: عليك ما قلت.
«Бір яһуди Пайғамбар мен сахабаларына келіп «Ассаму алайкум» деп айтады. Сол жердегі қауым оған сәлем қайтарады. Сол кезде Пайғамбар: ол не дегенін білесіз бе?, – деп сұрады. Сахабалар: ол сәлем берді, бірақ Алла және Оның елшісі жақсырақ біледі не дегенін, – деп жауап береді. Пайғамбар: жоқ олай емес, бірақ ол осылай да, осылай айтты оған жауап қайтарыңдар, сөйтіп олар бірден жауап қайтарды. Пайғамбар яһудиге сен «Ассаму алайкум» (яғни, сендерге өлім тілеймін) дедің бе деп сұрады. Яһуди: ия, – деп жауап берді. Соған Пайғамбарымыз былай айтты: Егер сендерге кітап иелерінің біреуі сәлем берсе «саған да» деп жауап беріңдер»[3].
Қорыта айтқанда мұсылман мұсылманға «уа алайкум» деп жауап беруге болмайды, жоғарыдағыдай жауап толық болу керек. Бұл көріністегі жауапты біз яһудилер мен христиандарға ғана қайтарамыз.
Махамбет Бисенов
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы