Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?
        Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?

        Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?

        Сұрақ: Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?

        Жауап:

        Жолаушы намазы

         С: Шариғатта жолаушының намазына байланысты үкімдер бар ма?

        Ж: Иә. Фиқһ кітаптарында жолаушыға байланысты арнайы үкімдер берілген.

        С: Оның намазға байланыстылары қандай?

        Ж: Түйенің жүрісімен немесе жаяу жүріспен үш күндік жолға ниеттеніп, өзінің тұрғылықты жерінен шықса төрт рәкәғатты намаздарды екі рәкәғат етіп қысқартып оқиды. Яғни, бесін, екінті, құптан намаздарын екі рәкәғат қылып оқиды. Ақшам мен үтір, сүннет, нәпіл намаздарын толық оқиды.

        С: Төрт рәкәғат намаздарды қысқартпай оқыса сауабы көп бола ма?

        Ж: Қысқарпай оқу мәкруһ. Өйткені қысқартып оқу бекітілген сүннет.

        С: Мәкруһ болса да қысқартпай оқыса, екі рәкәғаты парыз болып есептеле ме?

        Ж: Егер төрт рәкәғат етіп оқып, екінші рәкәғатында тәшәһһудке отырса, осы екі рәкәғаты парыздың орнына кетеді. Қалған екі рәкәғаты нәпіл намаз болып саналады.

        С: Егер екінші рәкәғаттан кейін тәшәһһуд оқу мөлшеріндей отырмаса үкімі қандай?

        Ж: Парыз дұрыс болмайды. Намазын қайта оқу керек.

        С: Жолаушының кей уақыттары төрт рәкәғатты намазды толық оқуына бола ма?

        Ж: Иә. Егер тұрғылықты имамға ұйыса толық қылып оқуына болады. Сондай-ақ, бір елді мекенде он бес күн қалуды ниет етсе төрт рәкәғат қылып оқиды.

        С: Он бес күннен аз тұруды ниет етсе не болады?

        Ж: Толық оқымайды, қысқартып оқиды.

        С: Жолаушы бір елді мекенге он бес күн қалуды ниеттенбей кіріп, күн сайын ертең қайтамын деп жүріп көп күн қалып қойса үкімі қандай?

        Ж: Мұндай ниетпен тіпті жыл бойы қалса да намазын қысқартып оқиды.

        С: Мұсылман әскері жаудың жерінде он бес күн қалу ниетімен кірсе, намаздарын толық оқи ма?

        Ж: Соғыс жағдайында жүргендіктен олардың ниеттері есептелінбейді. Сондықтан да намаздарын қысқартып оқиды.

        С: Жолаушы тұрғылықты кісілерге имам болса намазды қысқартып оқи ма?

        Ж: Иә, қысқартып оқиды. Артындағы кісілер имам сәлем бергенде тұрып, намаздарын толықтырады.

        С: Мұндайда жолаушының артындағы ұюшыларға ескертуі керек пе?

        Ж: Сәлем берген соң артындағыларға қарап: «Біз жолаушы едік. Намаздарыңызды толықтырыңыздар», – деп ескертуі мұстахаб.

        С: Егер жолаушы Мекке мен Минада он бес күн қалуды ниет етсе, оның үкімі жолаушы ма, әлде тұрғылықты ма?

        Ж: Ол жолаушы болып есептеледі. Өйткені тұрғылықты болу үшін бір елді мекенде қалуды ниеттенуі керек.

        С: Егер жолаушы отанына қайтып, онда он бес күннен аз болатын болса, намазын қысқартып оқи ма?

        Ж: Жолаушы отанына оралып, онда тіпті, бір сағат қана қалатын болса да намазын толық оқиды.

        С: Туып-өскен отанынан басқа аймаққа көшкен адам қажеттіліктерімен алғашқы отанына барғанда намазын қысқартып оқи ма, толық оқи ма?

        Ж: Егер алғашқы отаны үш күндік не одан да көп жол жүретіндей қашықтықты болса қысқартып оқиды. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп, кейін Меккеге кіргенде намазын қысқартып оқыған.

        С: Сапарда қаза болған намаздарының қазаларын тұрғылықты кезінде және керісінше тұрғылықты кезінде қаза болған намаздарының қазаларын жолаушы кезінде қалай өтейді?

        Ж: Негізінде намаздың қазасы оның қандай намаз екендігіне байланысты. Сапар намазының қазасын сапардағыдай қысқартып оқиды. Тұрғылықты кезіндегі намазының қазасын толық өтейді.

        С: Бұл рұқсат намазды себепсіз қаза еткен мен себеппен қаза еткенге бірдей ме?

        Ж: Екеуіне де бірдей.

        С: Қазіргі заманда адамдар машиналармен, ұшақтармен сапар шегеді. Баяғыдай қиындық көрмейді. Соған қарамастан намаздарын қысқартулары керек пе?

        Ж: Намаз қысқартылатын қашықтыққа сапарға шықса намаздарын қысқартады. Мұнда үкім қиындыққа емес, сапарға негізделген.

        С: Жолаушыға екі намазды – бесін мен екінтіні және ақшам мен құптанды біріктіріп оқуына бола ма?

        Ж: Іс жүзінде бұлай істеуге болады, бірақ уақыт бойынша болмайды. Өйткені Алла Тағала: «Шындығында намаз мүміндерге уақытылы парыз етілді», - деген (Ниса, 103).

        С: Мұны қалай түсіндіруге болады?

        Ж: Іс жүзінде біріктіруге бесінді соңғы уақытында, екінтіні алғашқы уақытында, ақшамды соңғы уақытында, құптанды алғашқы уақытында бірік-

        тіріп оқу жатады. Фиқһ ғұламалары мұны суреттеп біріктіру деп атайды. Ал, біздің мазһабта екі намазды бір намаздың уақытында оқуға болмайды. Мұндай екі уақытты біріктіруді фиқһ ғұламалары шынайы біріктіру деп атайды.