Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Қауіп намазы
        Қауіп намазы

        Қауіп намазы

        Қауіп намазы

         С: Егер ел шетіне жау тиіп, қауіп күшейсе жамағат пен имам намазды қалай оқиды?

        Ж: Имам адамдары екі топқа бөледі. Біреуі дұшпанға қарсы ұрысып, екіншісі артында намаз оқиды. Артында тұрғандар бір рәкәғатты толық оқып болған соң дұшпанмен ұрысқа кетіп, екінші топпен орын алмасады. Екінші топ келіп, имамға екінші рәкәғатқа ұйиды. Имам сәлем бергенде бұлар сәлем бермей тұрып кетеді. Сосын алдыңғы топ келіп намаздарын толықтырып оқып алып, майдан шебіне кетеді. Сосын екінші топ келіп намаздарын толықтырып оқиды.

        С: Егер имам тұрғылықты кісі болса ше?

        Ж: Онда ол намазын әрбір топпен екі рәкәғаттан төрт рәкәғат етіп оқиды.

        С: Егер намаз ақшам намазы болса қалай оқиды?

        Ж: Бірінші топпен екі рәкәғат, екінші топпен бір рәкәғат етіп оқиды.

        С: Қауіп қатты күшейіп, аттан түсе алмайтындай, намазды жамағатпен оқи

        алмайтындай жағдай туса қалай оқиды?

        Ж: Ондай жағдайда көліктерінде жеке-жеке оқиды.

        С: Құбыла тарапқа бұрыла алмайтындай болса ше?

        Ж: Бұрыла алатын жағына қарап оқиды.

        С: Көліксіз, жаяу жүргендер қалай оқиды?

        Ж: Жүрмей бір орында оқиды. Рукуғ, сәжде жасай алмаса ишаратпен оқиды.

        С: Намаз оқып жатқанда ұрыс басталып, кірісіп кетсе ол оқыған намаздарының үкімі қандай?

        Ж: Егер соғыспен не орнынан жүріп кетсе намаздары бұзылады. Өйткені бұлар намазды бұзатын әрекеттерге жатады.

        С: Егер жау шауып, намазды ишаратпен де, жеке-дара да оқи алмаса не істейді?

        Ж: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ахзаб соғысында намазды кешіктіргендей қолдары босаған уақытқа шегереді.