Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Жаназа
        3. Жаназа рәсімдері
        Жаназа рәсімдері

        Жаназа рәсімдері

        Жаназа рәсімдері

         С: Бір кісіге ажал таяғанда не істеу керек?

        Ж: Кісіге ажал жақындағанда жүзін құбылаға қаратып, шәһәдаттарды айтқызып отырады. Қайтыс болып кетсе сақалын жинап, көздерін жабады. Әйелдің үкімі де солай.

        Мәйітті жуу

         С: Мәйіт қалай жуылады?

        Ж: Мәйтті жуу қаласа тақ санмен, яғни бір, үш, бес немесе жеті рет иіс су себілген кереует секілді арнайы орынға жатқызумен басталады. Әуретіне шүберек қойып, киімдерін шешеді. Дәрет алдырады. Мұнда аузы мен мұрнының іштері жуылмайды. Басы мен сақалы әдемі хош иісті шөппен жуылады. Содан соң сол жағымен жатқызып жуады. Одан кейін оң жағына жатқызып жуады. Сосын мәйітті бір нәрсеге сүйеп отырғызып, ақырын ішін басады. Денесінен бір нәрсе шықса жуады. Бір жуған жерді қайталап жумайды. Содан соң сол жағымен жатқызып, хош иісті өсімдік араласқан сумен жуады. Осылайша үш рет жуылған болады.

        С: Мәйітті жууға судан басқа нәрсе қолдануға бола ма?

        Ж: Иә, суға лотос, сабын шөбі сияқты нәрселер салынып қайнатылады. Сабынды пайдаланса да болады.

        С: Егер бұл нәрселер болмаса ше?

        Ж: Таза сумен жуады.

         Мәйітті кебіндеу

         С: Кебіндердің түрлері мен мәйітті кебіндеудің жай-жапсары қалай?

        Ж: Оның жай-жапсары төмендегідей:

        1. Сүннет бойынша ер кісінің кебіні үшеу: изар – шалбар, қамис – көйлегі, лифафа – орамал, лыпасы. Ал, ең аз түрі изар мен лифафа болуы керек. Үзірсіз жағдайда бір ғана киіммен шектелу мәкруһ саналады.
        2. Изар басынан бастап аяқтарына дейін, лифафа да сондай болуы керек. Қамис жеңсіз, қалтасыз мойнынан аяққа дейін болады.
        3. Бұл кебіндерге кемінде үш рет әтір себіледі. Сосын лифафа орамасы төселіп, оның үстіне изар төселінеді. Жуылған мәйіт құрғатылған соң изарға жатқызылады. Басына және сақалына хош иісті әтір суы себіледі. Сәжде жасайтын мүшелер – маңдайы, мұрны, екі алақаны, екі тізесі, табандарына жұпар иісті кафур өсімдігі қойылады. Сосын қамисы кигізіледі. Содан соң сол жағынан оң жағына қарай изармен оралады. Лифафа да осылай оралады.
        4. Егер кебіннің жайылып кетуі қаупі туса екі жағынан байланады.
        5. Сүннет бойынша әйелдің кебіні кеудеше изар, орамал, орама лифафа және кеудесін байлайтын хариқа – матадан тұрады. Кеудеше қамисты білдіреді. Изар, лифафа және орамал  жеткілікті түрде болуы керек. Зәру жағдайларда табылған нәрсемен кебіндейді. Үзірсіз жағдайда екі киіммен шектелу мәкруһ.
        6. Хариқаның ені төсінен санына дейін болуы шарт.
        7. Бас жабатын орамалдың неі үш шынтақтай болуы керек.
        8. Кебінделу түрі: кебіндерге тақ санмен (1-3-5-7) иіс су себіледі. Бірінше лифафа, оның үстіне изар төселініп, мәйт жатқызылады. Кеудешесі кигізіледі. Екі шашын екі бөліп кеудешесінің сыртынан кеудесінің үстіне қояды. Сонан соң осылардың үстіне орамал қойылады. Қамистың үстіне кеудесін жабатын шүберек байланады. Алдымен бірінші изар, сосын лифафа оралады. Шешіліп кететін болса екі жағы байланады.

        С: Мәйіттің шашы тарала ма?

        Ж: Шашы да, сақалы да таралмайды. Тырнағы алынбайды. Шашы, түктері қысқартылмайды.