Дақылдар мен жемістерден зекет беріле ме?
Сұрақ: Дақылдар мен жемістерден зекет беріле ме?
Жауап:
Дақылдар мен жемістердің зекеті
С: Дақылдар мен жемістерден зекет беріле ме ?
Ж: Иә, суару түріне байланысты олардан үшір (оннан бірі, 10%) немесе жарты үшір (жиырмадан бірі, 5%) алынады.
С: Мұнда белгілі бір мөлшер бар ма?
Ж: Әбу Ханифаның айтуынша мұнда белгіленген мөлшер жоқ. Жерден өсіп шыққан егін аз болсын, көп болсын, зекеті берілу керек. Тек отын,қант, қамыс, шөптен зекет алынбайды. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед егін мен жемістердің өнімі бес уасаққа жетпейінше зекет парыз болмайды деген. Олардың пікірлерінше көкөністерден зекет берілмейді.
С: Уасақ деген не?
Ж: Уасақ дегеніміз Мәдина жұртының салмақ өлшемі, алпыс сағқа (195 кг) тең.
С: Үшір мен жарты үшір қашан парыз болады?
Ж: Ағын және жаңбыр сумен суарылатын болса үшір беру керек. Ал, құдықтан немесе су диірмені, шығыр секілді құралдармен суарылатын болса жарты үшір.
С: Егер өнім зағпыран, мақта сияқты уасақпен өлшенбейтін өнімдер болса қалай өлшенеді?
Ж: Әбу Юсуф егер бес уасақтың құнына жетсе одан үшір алынады деген. Ал, Мұхаммед өлшенетін салмақ өлшемінің ең үлкенімен есептегенде бесеуіне жетсе үшір шығару керек деген. Мысалы, мақтадан бес тең, зағпыраннан бес батпан.
С: Балдан зекет алына ма?
Ж: Егер бал аралары балды үшір жерлерінен жинаған болса, онда жиналған балдан үшір алынады. Бұл Әбу Ханифаның пікірі. Әбу Юсуф бал он шелекке жетпейінше зекет парыз емес десе, Мұхаммед бес фараққа жетпейінше парыз емес дейді.
С: Фарақ деген қандай өлшем?
Ж: Бір фарақ отыз алты ирақ ратлына (211,250 кг) тең.
С: Хараж алынатын жерге егін егіліп, өнім алынса, үшірін беру парыз бола ма?
Ж: Үшір берілмейді. Хараж берсе жеткілікті болады.
С: Жұмыскерлердің жалақылары, көліктердің шығындары сияқты шығындар есепке алына ма?
Ж: Бұл шығындар есепке алынбайды. Жерден шыққан өнімнің үшірі немесе жарты үшірі берілуі тиіс.