Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қажылық
        3. Қажылық дегеніміз не?
        Қажылық дегеніміз не?

        Қажылық дегеніміз не?

        Сұрақ: Қажылық дегеніміз не?

        Жауап: 

        Қажылық кітабы

         С: Қажылық деген сөздің анықтамасы қандай?

        Ж: Қажылық, яғни араб тілінде хажж деген сөз ниеттену, қалау деген мағынаны білдіреді. Ал, шариғатта белгіленген арнайы орынға арнайы уақытта және арнайы іс-әрекетпен бару дегенді білдіреді.

        С: Исламдағы қажылықтың үкімі не?

        Ж: Қажылық – Ислам дінінің негізгі рүкіндерінің бірі. Кімде-кім оның парыз екендігін теріске шығарса мұсылмандықтан шығады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла шамасы жеткен адамдарға Бәйтуллаға қажылық жасауды міндеттеді», – деген (Әли Имран, 97).

        С: Қажылық кімге парыз болады?

        Ж: Қажылық балиғатқа толған, ақыл-есі түзу, дендері сау, азат мұсылмандарға парыз. Қажылықтың шарты: сапарға жететін жол қаражаты, көлігі яки көлікті жалға алатын жағдайы болуы және осы қаражат баспанасынан, өзі жоқта отбасының күнелтуіне жетерлік қаражатынан бөлек болуы.

        С: Әйел кісінің қажылыққа баруына басқа шарттар бар ма?

        Ж: Иә, әйел қажылыққа шығар болса қасында күйеуі немесе туысы болуы шарт. Меккеден намаз қысқартатындай ұзақ қашықтықта болса бұларсыз шығуына болмайды.