Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қажылық
        3. Қажылықтың парыздары, уәжіптері және сүннеттері қандай?
        Қажылықтың парыздары, уәжіптері және сүннеттері қандай?

        Қажылықтың парыздары, уәжіптері және сүннеттері қандай?

        Сұрақ: Қажылықтың парыздары, уәжіптері және сүннеттері қандай?

        Жауап: 

        Қажылықтың парыздары, уәжіптері және сүннеттері

         С: Қажылықтың парызы қанша?

        Ж: Қажылықтың парыздары үшеу:

        1. Ихрам кию.
        2. Арафат тауында тұру.
        3. Қағбаны тауап ету.

        С: Уәжіптері қандай?

        Ж: Қажылықтың уәжіптері төмендегідей:

        1. Құрбан айтының бірінші күні таң атқан соң Муздалифада тұру.
        2. Сафа және Маруа таулары арасын жүріп өту.
        3. Шайтанға тас ату.
        4. Сырттан келгендер үшін қоштасу тауап.
        5. Шашын алу немесе қысқарту.
        6. Арафат тауында тұруды күн батқанға дейін созу.
        7. Қиран мен тәмәттуғ жасаушылар үшін құрбан шалу.
        8. Қажылықты немесе ұмраны жеке дара жасаушы үшін тас ату, шаш қысқарту керек болса, біріктірушілер – тәмәттуғ пен қиранды жасаушы үшін тас атып, құрбан шалып барып шаш қысқарту керек.
        9. Құрбан айты күні Қағбаны тауап ету.
        10. Шашын алу немесе қысқарту орны (Мешіт Харам).
        11. Шашын алу не қысқарту уақыты (құрбан шалатын күндер).

        С: Қажылықтың сүннеттері қандай?

        Ж: Сүннеттері төмендегідей:

        1. Қажылықты дара жасаушы мен қиран жасаушы үшін Қағбаны тауап ету.
        2. Тауаптан соң Сафа мен Маруада жүргенде тездетіп жүру және оң иығын ашып, ихрамны оң иығына салып жүру.
        3. Зул-хижа айының сегізі күні Минаға барып, сонда оқу.
        4. Тоғызы күні – Арафат күні күн көтерілген соң Минадан шығып, Арафат тауына бару.
        5. Оны күні түнде Муздалифада түнеу.
        6. Арафаттағы ғұсыл құйыну.
        7. Құрбан күндері Минада түнеу.