Тауаптың екі рәкәғат нәпілі
Тауаптың екі рәкәғат нәпілі
С: Тауаптан кейін не істейді?
Ж: Тауаптан соң екі рәкағат намаз оқиды.
С: Қай жерде оқу керек?
Ж: Ибраһим пайғамбардың (а.с.) мақамының (ізі қалған жердің) қасында мақамды өзі мен Қағбаның ортасына алып оқығаны абзал. Жағдайларға байланысты мешіттің басқа жерінде оқыса да болады.
С: Бұл екі рәкағат намазда сүннет бойынша қандай сүрелер оқылады?
Ж: Мүслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл екі рәкағатта Кәфирун мен Ихлас сүрелерін оқыған.