Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қажылық
        3. Муздалифаға бару және сонда қалу
        Муздалифаға бару және сонда қалу

        Муздалифаға бару және сонда қалу

        Муздалифаға бару және сонда қалу

         С: Арафа күні күн батқан соң қажылық жасаушы не істейді?

        Ж: Күн батқан соң Арафа тауынан шығып, Муздалифа жазығына қарай жүреді. Арафатта да, жолда да ақшам намазын оқымайды. Муздалифаға жеткен соң ақшам мен құптанды бір азан, бір қаматпен қажылықты басқарушымен бірге оқиды.

        С: Муздалифаға жалғыз жетсе екі намазды біріктіріп жеке оқыса бола ма?

        Ж: Иә, мұндай жағдайда біріктіріп оқиды. Өйткені бұл намазда жамағаттың болуы шарт емес.

        С: Ақшамды Арафат тауында немесе жолда келе жатып оқудың үкімі не?

        Ж: Олай етуге болмайды. Қайтадан оқу керек.

        С: Осы намазды оқыған соң не істейді?

        Ж: Муздалифада түнейді. Таң намазын жамағатпен оқып, күн шыққанша дұға, зікір етеді. Муздалифаның Мухассар атты аңғарынан өзге барлық жері мауқиф, яғни түнейтін орын.