Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қажылық
        3. Қажылықта шашын немесе түгін алудың жазасы қандай?
        Қажылықта шашын немесе түгін алудың жазасы қандай?

        Қажылықта шашын немесе түгін алудың жазасы қандай?

        Қажылықта шашын немесе түгін алу

         С: Ихрам киюші денесіндегі түктерді кетірсе оның жазасы қандай болады?

        Ж: Егер шашын не сақалын немесе осылардың біреуінің төрттен бірін алса қой союы тиіс. Төрттен бірінен аз болса садақа беру керек. Қолтықтағы, шаптағы түктерін алса қой союы тиіс. Қысқарту мен алудың үкімі бар. Шашты не түкті бір құралмен кетірсе не жұлса, яки қырықса да осы алу, қырудың үкіміндей болады.

        С: Желкеден қан алатын жерінің шашын қырықса не істеуі керек?

        Ж: Әбу Ханифаның пікірінде қой союы тиіс. Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед садақа берсе болады деген.

        С: Осы жағдайлары туралы әйелдің үкімінде өзгешеліктер бар ма?

        Ж: Бұл мәселеде әйелдер мен ерлердің үкімдері бір.

        Ескерту: Жазаның уәжіп болуына шашты не түкті өзі алса да не басқа біреу алса да, ерікті-еріксіз түрде болсын, біліп-білмей болсын, әдейі не ұмытып болсын, бәрібір.