Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Күнәлар
        3. Пайғамбарымызға карикатура салған адамдардың күнәсі қаншалықты сорақы?
        Пайғамбарымызға карикатура салған адамдардың күнәсі қаншалықты сорақы?

        Пайғамбарымызға карикатура салған адамдардың күнәсі қаншалықты сорақы?

        C: Пайғамбарымызға карикатура салған адамдардың күнәсі қаншалықты сорақы?

        Ж: ПАЙҒАМБАРДЫ (с.а.с.) ҚАДІРЛЕМЕУ

        Күнәлардың ең үлкендерінің бірі Алла Тағаланың сүйікті елшісі Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) лайықты түрде құрметтемеу, қадірлемеу, керісінше, оған тіл тигізу, жала жабу болып табылады. Өйткені Алланың хағынан кейінгі орында Оның елшісінің (с.а.с.) хағы тұрады.

        Мұндай қылмысты Құдайға қосақ қосудан кейінгі екінші ірі күнә етіп алуымызға қазіргі қоғамымыздағы Пайғамбар (с.а.с.) туралы, оның сүннеті туралы түсініктің аздығы, Пайғамбардың (с.а.с.) хағын дұрыс білмеу, Пайғамбарға (с.а.с.) және оның әулетіне һәм сүннетіне қарсы бағытталған қасақы қылмыстардың көбеюі себеп болды.

        Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бүкіл адамзат пен жындардың, күллі әлемдерге деген қадірлілігі сондай, ол (с.а.с) бүкіл ғаламға рахым, мейірім ретінде түсірілген ең соңғы елші. Алла Тағала ол туралы былай дейді:

        ﴿وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ﴾ 

        «(Уа, Мұхаммед!) Біз сені әлемдерге рахым ретінде ғана жібердік» (Әнбия, 107).

        ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ شَاهِداً وَمُبَشِّراً وَنَذِيرا ً * وَدَاعِياً إِلَى اللَّهِ بِإِذْنِهِ وَسِرَاجاً مُّنِيراً﴾

          «Уа, пайғамбар! Біз сені куәгер, қуантушы әрі ескертуші етіп, Алланың жолына, Оның рұқсатымен, шақырушы һәм жарық шырақ етіп жібердік» (Ахзаб, 45-46);

        ﴿مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِّن رِّجَالِكُمْ وَلَكِن رَّسُولَ اللَّهِ وَخَاتَمَ النَّبِيِّينَ وَكَانَ اللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيماً﴾

        «Мұхаммед сендердің біреулеріңнің әкесі емес, алайда Алланың елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Алла әрбір нәрсені толық білуші» (Ахзаб, 40);

        Пайғамбардың (с.а.с.) өзі де хадистерінде өзінің адамзаттың ардақтысы екендігін еш мақтанышсыз айтып өткен. Сол хадистердің бір тобы төмендегідей.

         عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَنَا أَكْثَرُ الأَنْبِيَاءِ تَبَعًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَأَنَا أَوَّلُ مَنْ يَقْرَعُ بَابَ الْجَنَّةِ«. رَوَاهُ مُسْلِمٍ.

        Әнестен (р.а.) жеткен хабарда Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні пайғамбарлардың ішінде соңындағы ерушілері ең көбі менмін һәм жәннат қақпасын алғаш қағушы да менмін». Мүслім риуаят еткен.

        عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَنَا أَوَّلُ شَفِيعٍ فِي الْجَنَّةِ، لَمْ يُصَدَّقْ نَبِيٌّ مِنَ الأَنْبِيَاءِ مَا صُدِّقْتُ وَإِنَّ مِنَ الأَنْبِيَاءِ نَبِيًّا مَا يُصَدِّقُهُ مِنْ أُمَّتِهِ إِلاَّ رَجُلٌ وَاحِدٌ«. رَوَاهُ مُسْلِمٍ.

        Әнестен (р.а.) жеткен басқа риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Мен жәннаттағы ең бірінші шапағатшымын, пайғамбарлардың арасында ешбірі дәл мендей көп мойындалмаған. Тіпті, пайғамбарлардың кейбірін өз үмбетінен бір-ақ адам ғана мойындаған». Мүслім риуаят еткен.

         عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَنَا سَيِّدُ وَلَدِ آدَمَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَأَوَّلُ مَنْ يُنْشَقُّ عَنْهُ الْقَبْرِ وَأَوَّلُ شَافِعٍ وَأَوَّلُ مُشَفَّعٍٍ«. رَوَاهُ مُسْلِمٍ.

        Әбу Һурайра (р.а.) Алланың елшісінің (с.а.с.) мынадай хадисін жеткізген: «Мен Қиямет күні Адам ұрпақтарының төресімін, бірінші тірілетін де менмін, бірінші шапағатшы әрі шапағаты қабыл болушы да менмін». Мүслім риуаят еткен.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »فُضِّلْتُ عَلَى الأَنْبِيَاءِ بِسِتٍّ: أُعْطِيتُ جَوَامِعَ الْكَلِمِ وَنُصِرْتُ بِالرُّعْبِ وَأُحِلَّتْ لِيَ الْغَنَائِمُ وَجُعِلَتْ لِيَ الأَرْضُ طَهُورًا وَمَسْجِدًا وَأُرْسِلْتُ إِلَى الْخَلْقِ كَافَّةً وَخُتِمَ بِيَ النَّبِيُّونَ«. رَوَاهُ مُسْلِمٍ.

        Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізілген басқа хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) өзінің басқа пайғамбарлардан артықшылығын былайша баяндаған: «Басқа пайғамбарлардан алты түрлі қасиетпен артық болдым: маған түгел сөздің түйіні берілді, (дұшпандарыма қарсы) үрей тудыратын көмек берілді, маған соғыс олжалары халал етілді, бүкіл жер мешіт әрі таза қылынды, мен күллі жаратылысқа жіберілдім һәм менімен пайғамбарлық тоқтады». Мүслім риуаят еткен.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »بُعِثْتُ مِنْ خَيْرِ قُرُونِ بَنِي آدَمَ قَرْنًا فَقَرْنًا حَتَّى كُنْتُ مِنَ الْقَرْنِ الَّذِي كُنْتُ فِيهِ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

        Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген тағы бір хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) өзінің адамзаттың талай ғасырлар бойы зарыға күткен пайғамбары екендігі туралы былай дейді: «Мен Адам ұрпақтарының ең қайырлы ғасырында – ғасыр артынан ғасыр өтіп, өз ғасырым келгенде жіберілдім». Бұхари риуаят еткен.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »إِنَّ مَثَلِي وَمَثَلُ الأَنْبِيَاءِ مِنْ قَبْلِي كَمَثَلِ رَجُلٍ بَنَى بَيْتًا فَأَحْسَنَهُ وَأَجْمَلَهُ إِلاَّ مَوْضِعَ لَبَنَةٍ مِنْ زَاوِيَةٍ، فَجَعَلَ النَّاسُ يَطُوفُونَ بِهِ وَيُعْجِبُونَ لَهُ وَيَقُولُونَ هَلاَّ وُضِعَتْ هَذِهِ اللَّبَنَةُ، قَالَ: فَأَنَا اللَّبَنَةُ وَأَنَا خَاتَمُ النَّبِيِّيِّنَ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

        Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізілген мына хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) өзінің пайғамбарлардың соңы екендігін былайша нақтылайды: «Мені мен менен бұрынғы пайғамбарлардың мысалы бір үй салып, оны әшекейлеп, көркемдеп, тек оның бұрыштарының бірінде бір кірпіштің орнын қалдырып кеткен адамның мысалындай. Адамдар ол үйді айналып көріп, ғажап қалады да әлгі бұрышты көргенде: «Әттеген-ай, мына кірпішті қойып жергенде?!» – деседі. Мен сол кірпіштеймін, мен пайғамбарлардың соңымын». Мүслім мен Бұхари риуаят еткен.

        Адамзаттың соңғы пайғамбары (с.а.с.) әу бастағы күллі жаратылыстың тағдыры жазылған сәтте-ақ белгілі болған. Ол туралы Пайғамбардың (с.а.с.) өзі былай дейді: «Мен Алланың дәргейінде, Адам атаның өзі әлі топырағында жатқанда (яғни, жаратылмаған кездің өзінде) пайғамбарлардың соңы болып жазылғанмын. Мен сендерге өзімнің әуелгі хабарымды баяндайын: мен туралы Ибраһимнің дұғасы, Исаның сүйінші хабары, мені туғанда анамның көрген түсі – оған Шамның сарайларын жарқыратып жіберген нұр көрінген еді». Хаким риуаят еткен.