Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Күнәлар
        3. Адамды өлтіру қаншалықты үлкен күнә?
        Адамды өлтіру қаншалықты үлкен күнә?

        Адамды өлтіру қаншалықты үлкен күнә?

        С: Адамды өлтіру қаншалықты үлкен күнә?

        Ж: НАҚАҚТАН КІСІ ӨЛТІРУ

        Шындығында даңқты әрі ұлық Алла адамды ең керемет бейнеде жаратып, жаратқан нәрселерінің көбінен артық етті. Оған көктер мен жердегі нәрселерді бағындырып берді. Оны ақылды, ойлау жүйесін сыйлады. Әрі ол үшін түсірген кітаптары мен елшілері арқылы оған тура жол көрсетті. Оған осы жер бетінде өркениет құруды тапсырып, онда ізгілік орнатуға бұйырды. Алла Тағала былай дейді:

        ﴿لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ  

        «Расында адамды көркем бейнеде жараттық» (Тин, 4);

        ﴿وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُم مِّنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى كَثِيرٍ مِّمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلاً

        «Шынында Біз Адам ұрпақтарын ардақтадық және оларды құрлықта да, теңізде де жүргіздік. Біз оларды жақсы ризықтарға бөлендіріп, жаратқан нәрселеріміздің көбінен артық қылдық» (Исра, 70).

        Міне, осы аяттарда аталған нәрселер адам баласының айқын белгілері, ажырамас қасиеттері және жүктелген міндеттері. Осындай құрметтен соң даңқты әрі ұлық Алланың оны – адам баласын бір киелі шектермен шеңберлеп, адамшылығы мен құрметтілігін сақтайтын және оны қарсы жасалынған дұшпандықтан қорғап, оған жүктелінген иләһи міндетті мүлтіксіз орындауға мүмкіндік беретін біраз хұқықтармен, кепілдіктермен қамтамасыз етсе, ол әрине, таң қаларлық жайт емес.

        Сондықтан да дін адамға қарсы жасалатын кез келген дұшпандықты қылмыс деп біледі, оны қорлауды үлкен күнәға жатқызады, оның ар-абыройын таптауды бүкіл адамзатқа жасалынған қастандық деп түсіндіреді. Адам өлтіруді халал, рұқсат етілген іс деп есептеген жан лағынетке ұшырап, тозақ отында мәңгі қалады.

        Алла Тағала Құран Кәрімде осы бір ауыр қылмыстың, үлкен күнәнің үкімін былайша шешкен:

        ﴿وَمَن يَقْتُلْ مُؤْمِناً مُّتَعَمِّداً فَجَزَآؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِداً فِيهَا وَغَضِبَ اللّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَاباً عَظِيماً﴾ 

        «Кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе оның жазасы жәһәннамда мәңгі қалу. Алла оған қатты ашуланады, оған лағынет айтып және үлкен азап дайындайды» (Ниса, 93).

        Иман келтіргендердің сипаттарының бірі жазықсыз жанды өлтірмеу. Ал кім ондай күнәні істесе, жазасы еселене түседі. Ол туралы мына аяттарда айтылған.

        ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ وَمَن يَفْعَلْ ذَلِكَ يَلْقَ أَثَاماً * يُضَاعَفْ لَهُ الْعَذَابُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَيَخْلُدْ فِيهِ مُهَاناً * إِلَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ عَمَلاً صَالِحاً فَأُوْلَئِكَ يُبَدِّلُ اللَّهُ سَيِّئَاتِهِمْ حَسَنَاتٍ وَكَانَ اللَّهُ غَفُوراً رَّحِيماً﴾ 

        «Олар (мүміндер) Алламен бірге басқа құдай шақырмайды, хұқтары болмаса Алла тыйымына қарсы кісі өлтірмейді әрі зинақорлыққа да бармайды. Ал кім соларды істесе ол жазаға жолығады. Қиямет күні оған деген азап еселене түседі де, ол сонда қор болған күйде мәңгілікке қалады. Алайда кімде-кім тәубе қылып, иман келтіріп және ізгі іс істесе, міне солардың жамандықтарын Алла жақсылықтармен алмастырады. Шынында да Алла өте кешірімді әрі аса рахымды» (Фұрқан, 68-70).

        Сондай-ақ, Құран Кәрімде бұрынғы үмбеттерге де жазықсыз кісі өлтірудің аса ауыр күнә болғандығы баяндалады.

        ﴿أَنَّهُ مَن قَتَلَ نَفْساً بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعاً﴾

        «Кімде-кім бір адамды құнсыз немесе жер бетінде бұзықтық қылу үшін өлтірсе, ол бүкіл адамдарды өлтіргендей» (Мәида, 32).

        Пайғамбар (с.а.с.) өзінің хадистерінде иман келтіргендерді осы үлкен қылмыстан сақтандырып, оның аса ауыр қылмыстардың қатарына жататындығын нақтылап айтқан.

        عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ الرَّسُولُ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَقَتْلُ مُؤْمِنٍ أَعْظَمُ عِنْدَ اللهِ مِنْ زَوَالِ الدُّنْيَا«. رَوَاهُ النسائي.

        Абдулла ибн Амр ибн әл-Астан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жаным қолында болғанмен ант етейін, бір мүміннің өлтірілуі Алланың алдында бүкіл дүниенің жойылып кеткенінен де ауыр». Нәсәи риуаят еткен.

        عَنْ مُعَاوِيةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:» كُلُّ ذَنْبٍ عَسَى اللهُ أَنْ يَغْفِرَهُ إِلاَّ الرَّجُلَ يَقْتُلُ الْمُؤْمِنَ مُتَعَمِّدًا أَوِ الرَّجُلَ يَمُوتَ كَافِرًا«. رَوَاهُ النَّسَائِيُّ.

        Мағауиядан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла мүмінді қасақана өлтірген адамның немесе кәпір болып өлген адамның күнәларынан басқа барлық күнәларды кешіруі ықтимал». Нәсәи риуаят еткен.

        Осы қатерлі күнәдан аулақ болу дін кеңістігінде болудың бір шарты екен. Ол жайында төмендегі хадисте баяндалады.

        عَنِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »لاَ يَزَالُ الْمُؤْمِنُ فِي فُسْحَةٍ مِنْ دِينِهِ مَا لَمْ يُصِبْ دَمًا حَرَامًا«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

         Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кісі нақақ қанды жүктемейінше дін кеңістігінде болады». Бұхари риуаят еткен.

        Адамзат тарихында кісі өлтіруді алғаш бастаған адам – Адам атаның ұлы Қабыл болатын. Осы қылмыс қайталанған сайын осындай үлкен күнәні бастағаны үшін оған күнә жазылады.

        عَنْ عَبْدِ اللهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لاَ تُقْتَلُ نَفْسٌ ظُلْمًا إِلاَّ كَانَ عَلَى بْنِ آدَمَ الأَوَّلِ كِفْلٌ مِنْ دَمِهَا لِأَنَّهُ كَانَ أَوَّلُ مَنْ سَنَّ الْقَتْلَ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

         Абдулладан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Зұлымдықпен өлтірілген әрбір жанның қанында Адамның алғашқы ұлының жүктелген бір үлесі бар. Өйткені ол өлтіруді алғаш бастаған жан». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

        Әнес (р.а.) үлкен күнәлар туралы сұрақ қойылғанда Алланың елшісінің (с.а.с.): «Аллаға серік қосу, кісі өлтіру және ата-ананы сыйламау», – деп жауап бергенін риуаят еткен. Мүслім риуаят еткен.

        Сондай-ақ, Ислам діні қауіп-қатер болсын, аштықта болсын, қандай жағдайда да адамның өзінің баласын өлтіруіне қатаң тыйым салып, оны үлкен қылмысқа қосқан. Әрі оны ешқандай сылтаумен ақтауға болмайды.

        عَنْ عَبْدِ اللهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ سَأَلْتُ أَوْ سُئِلَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَيُّ الذَّنْبُ عِنْدَ اللهِ أَكْبَرُ؟ قَالَ: أَنْ تَجْعَلَ لِلَّهِ نِدًّا وَهُوَ خَلَقَكَ، قُلْتُ: ثُمَّ أَيُّ؟ قَالَ: ثُمَّ أَنْ تَقْتُلَ وَلَدَكَ خَشْيَةَ أَنْ يَطْعُمَ مَعَكَ، قُلْتُ: ثُمَّ أَيُّ؟ قَالَ: أَنْ تُزَانِي بِحَلِيلَةِ جَارِكَ، قَالَ: وَنُزِلَتْ هَذِهِ الآيَةُ تَصْدِيقًا لِقَوْلِ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ﴿وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ﴾«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ. 

        Абдулла (р.а.) былай дейді: «Бірде Алланың елшісінен (с.а.с.): «Ең үлкен күнә қайсы?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Өзіңді жаратқан Аллаға ортақ қосуың», – деген. «Сосын қайсы?» – деп сұрақ қойғанда, ол (с.а.с.): «Асыңа ортақтасады деп балаңды өлтіруің», – деген. Тағы да: «Сосын қайсы?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Көршіңнің әйелімен зина жасауың», – деген. Сосын Алланың елшісінің (с.а.с.) сөзін растайтын мына аят түскен: «Олар (мүміндер) Алламен бірге басқа құдай шақырмайды, хұқтары болмаса Алла тыйымына қарсы кісі өлтірмейді әрі зинақорлыққа да бармайды» (Фұрқан, 68). Бұхари риуаят еткен.

        Ақиқатында адам баласына басқа адамды өлтірумен бірге өз-өзін өлтіруге де қатаң тыйым салынған. Егер олай істесе, үлкен күнәһарға айналып, тозаққа душар болады.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَنْ تَرَدَّى مِنْ جَبَلٍ فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَهُوَ فِي نَارِ جَهَنَّمّ يَتَرَدَّى فِيهَا خَالِداً مُخَلَّداً فِيهَا أَبَداً، وَمَنْ تَحَسَّى سُمّاً فَقَتَلَ نَفْسَهُ فَسُمُّهُ فِي يَدِهِ يَتَحَسَّاهُ فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِداً مُخَلَّداً فِيهَا أَبَداً، وَمَنْ قَتَلَ نَفْسَهُ بِحَدِيدَةٍ فَحَدِيدَتُهُ فِي يَدِهِ يَتَوَجَّأُ بِهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ خَالِداً مُخَلَّداً فِيهَا أَبَداً«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ.

        Әбу Һурайрадан, Алла одан разы болғай; Пайғамбар, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, былай деген: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жәһәннам отында мәңгі-бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жәһәннам отында мәңгі-бақи сол уын қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жәһәннам отында сол темірі қолына ұстап өзін-өзі мәңгі-бақи ұрғыштап тұрады». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

        Сонымен қатар, мұсылман елінде тұрып жатқан мұсылман емес адамды өлтіруге де қатаң тыйым салынған. Олай ету өте ауыр қылмыс болып есептеледі.

        عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: مَنْ قَتَلَ مُعَاهِدًا لَمْ يُرِحْ رَائِحَةَ الْجَنَّةِ وَإِنَّ رِيحَهَا تُوجَدُ مِنْ مَسِيرَةِ أَرْبَعِينَ عَامًا«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ.

        Абдулла ибн Амрден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кімде-кім келісім-шарттағы адамды (мұсылман жерінде келісім-шартпен тұрып жатқан мұсылман емес адамды) өлтірсе, ол жәннаттың исін де сезбейді. Жәннаттың исі одан қырық жылдық жолдай қашықтықта болады». Бұхари риуаят еткен.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »أَلاَ مَنْ قَتَلَ نَفْسًا مُعَاهِدًا لَهُ ذِمَّةُ اللهِ وَذِمَّةُ رَسُولِهِ فَقَدْ أَخْفَرَ بِذِمَّةِ اللهِ فَلاَ يُرِحُ رَائِحَةَ الْجَنَّةِ وَإِنَّ رِيحَهَا لَيُوجَدُ مِنْ مَسِيرَةِ سَبْعِينَ خَرِيفًا«. رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.

        Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алланың қамқорлығындағы, Оның елшісінің қамқорлығындағы келісім-шартты жанды өлтірген адам Алланың қорығын бұзған болады. Ол жәннаттың исін де сезбейді. Жәннаттың исі одан қырық күздік жолдай қашықтықта болады». Термези риуаят еткен.

        Кісі өлтіру күнәсының зорлығына байланысты ол Қиямет күні бірінші есеп қылынатын іс болады.

        عَنْ عَبْدِ اللهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» أَوَّلُ مَا يُقْضَى بَيْنَ النَّاسِ فِي الدِّمَاءِ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ.

        Абдулладан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.):  былай дейді: «Адамдардың арасында ең бірінші қаралатын мәселе қан болады». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

        Адам жанының амандығын қорғау мақсатында асыл дініміз ауыр қылмыстың осы бір сұрқайы түрінің алғышарттары қоғамға дендеп кіріп кетпеуі үшін оның келуі ықтимал кез келген жолдары мен саңылауларына тегеурінді тосқауыл қойды. Сол үшін де мұсылманды қорқытып, үркітудің кез келген түріне, тіпті оған қарай жай қару кезенудің өзіне де тыйым салды. Сондай-ақ, мұсылманды келемеждеп, балағаттау, кемсіту сияқты әрекеттерге де тоқтау салды.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «لا يُشِرْ أَحَدُكُمْ عَلَى أَخِيهِ بِالسِّلاحِ، فَإِنَّهُ لا يَدْرِي لَعَلَّ الشَّيْطَانُ يَنْـزِعُ يَدَهُ فَيَقَعُ فِي حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ.

        Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Біреулерің бауырына қару кезенбесін! Қайдан біледі, бәлкім шайтан оның қолын тартып алып, сол арқылы тозақтың бір шұңқырына түсіп кетер». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

        Тірі жанға нақақтан азап тартқызған адамның күнәсі қарымтасыз қалмайды. Қылмыскер дүниеде жазасын алмаса не тәубе жасамас, ақыретте азапталады.

        عَنْ هِشَامٍ بْنِ حَكِيمٍ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ اللهَ يُعَذِّبُ الَّذِينَ يُعَذِّبُونَ فِي الدُّنْيَا«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ، وَمُسْلِمٌ.

        Һишам ибн Хаким ибн Хизамнан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Расында Алла адамдарға осы дүниеде азап көрсеткендерді азаптайды». Мүслім риуаят еткен.

        عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «سِبَابُ الْمُسْلِمِ فُسُوقٌ وَقِتَالُهُ كُفْرٌ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

        Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Мұсылманды боқтау – пасықтық, ал оны өлтіру – күпірлік». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

        Асыл дініміздің адам жанына деген қадірі мен қорғауының, қамқорлығының осындай тамаша үлгілері оның мұраттарының асқақатығын білдірсе, ал қазіргі қарыштап дамыған адамзат қоғамының әлемнің әр жерінде бейкүнә жандарды нағыз лаңкестерге өлтіртіп, қорқытып-үркітіп қойып, жайбарақат қарап отыруы оның адам жанын түкке тұрғысыз етіп, еш бағаламауын білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді:

        عَنْ جَرِيرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ فِي حِجَّةِ الْوَدَاعِ: لاَ تَرْجِعُوا بَعْدِي كُفَّارًا يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

        Жәрирден (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.) соңғы қажылығында былай деп ескерткен: «Менен кейін бір-біріңді мойнынан шауып, кәпірлерге айналып жүрмеңдер!». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

        عَنْ أَبِي بَكْرَةَ نَفِيعٍِ بْنِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «إِذَا الْتَقَى الْمُسْلِمَانِ بِسَيْفَيْهِمَا فَالْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ»، قُلْتُ : يَا رَسُولَ اللهِ، هَذَا القَاتِلُ فَمَا بَالُ الْمَقْتُولِ، قَالَ: «إِنَّهُ كَانَ حَرِيصاً عَلَى قَتْلَ صَاحِبِهِ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ وَمُسْلِمٌ.

        Әбу Бәкра Нафиғ иб әл-Харистен (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Екі мұсылман қылыштарымен жолығысса (яғни, бір-бірімен жанжалдасса), өлтірген де, өлтірілген де тозақта!». Мен: «Уа, Расулалла!Анау ғой өлтіруші, ал өлтірілгеннің жазығы не?» – деп сұрадым. Сонда ол (с.а.с.): «Өйткені ол жолдасын өлтіруге қатты тырысқан», – деді». Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.