Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) заманындағы Құран ілімдері ғылымының тарихы қандай болған?
        Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) заманындағы Құран ілімдері ғылымының тарихы қандай болған?

        Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) заманындағы Құран ілімдері ғылымының тарихы қандай болған?

        С: Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) заманындағы Құран ілімдері ғылымының тарихы қандай болған?

        Ж: Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) заманындағы Құран ілімдері ғылымының тарихы

        Құран ілімдері ғылымының тарихы алғашқы аят түскен кезден басталады. Сахабалар таза араб тілінде сөйлейтін болғандықтан, Құранның мәнін басқаларға, яғни өздерінен кейін келген ұрпақтар мен өзге ұлт өкілдеріне қарағанда анық әрі терең түсінетін болған. Соған қарамастан, оларға да кейбір аяттардың мәні түсініксіз болатын. Олар Құраннан өздеріне түсініксіз болған кез келген аяттың мәнін Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с.) сұрап отыратын-ды. Өйткені Құранды адамдарға түсіндіру Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) басты міндеттерінің бірі еді. Аллаһ тағала Құран Кәрімде:

        "Саған Зікірді(Құранды)[1] адамдарға оларға не түскенін ашық баян етерсің деп түсірдік. Мүмкін, олар ойланар", – деген.[2]

        Сахабалардың Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с.)сұрған Құранға қатысты сұрақтары көптеген хадистерде келген. Олардың Құранға, Құран ілімдеріне қатысты сұрақтары алғашқыкезде ауызша келесі ұрпақ өкілдеріне беріліп отырды. Осы жағдай Әбу Бәкір мен Омардың (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) халифаттығы тұсында да жалғасты. Сахабалар Аллаһ елшісінен (с.ғ.с.) үйренген тағылымдарын ауызша таратып отырды. Бұл Құран ілімдерінің алғашқы дамуы еді.Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) алғаш кезде адамдар Құран мен өз сөзін, Құранға жасаған түсініктемелері, яғни тәпсірлері мен Құран аяттарын шатастырып алмас үшін Құран аятынан басқаны жазуға тыйым салады. Кейіннен адамдар Құран аяты мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) сөздерін анық ажырата алғанда оларға өзінің хадистерін, тәпсірлерін жазуға рұқсат береді. Құран ілімдерінің ауызша тарауына сол замандағы жазу құралдарының аздығы, Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) алғаш кезде Құран аятынан басқаны жазуға тыйым салуы да әсер етеді.


        [1] Құранның бірнеше атаулары бар. Солардың бірі "Зікір".

        [2]"Нахл" сүресі, 44-аят.