Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Құран ілімдері терминінің соңғы кезеңі қашан болған?
        Құран ілімдері терминінің соңғы кезеңі қашан болған?

        Құран ілімдері терминінің соңғы кезеңі қашан болған?

        С: Құран ілімдері терминінің соңғы кезеңі қашан болған?

        Ж: Соңғы кезең

        Бұл кезеңге өткен ғасырдан бүгінге дейінгі аралық кіреді. Өткен ғасырдан бастап ғалымдар Құран ілімдеріне тың күшпен, жаңа көзқараспен қарай бастады. Құран ілімдеріне қатысты орта ғасырда болмаған жаңа мәселелер туындады. Мысалы, шығыстанушы ғалымдарың Құранға қатысты жазған жансақ пікірлері мен тұжырымдарына қарсы ғылыми негізде жауап беру қажет болды. Құрандағы ғылыми муғжизалар тақырыбы да орта ғасырлардағы еңбектерде болған жоқ. Бұл мәселелер Құран ілімдері ғылымында оқытылады. Сонымен қатар жоғары оқу орындары студенттері мен орта мектеп оқушыларына, ғылыми зерттеулермен шұғылданатындарға арналған кітаптар шықты. Қазіргі кезде Құран ілімдері ғылымында жарық көрген кітартардың ішінен Мұхаммед Абдуллаһ Драздың "ән-Нәбә әл-азим" кітабын, Мұхаммед Абдул-Азим әз-Зурқанидің"Манаһил әл-Ирфан фи улум әл-Құран" кітабын, Субхи әс-Салихтың "Мабахис фи улум әл-Құран" кітабын, Маннағ әл-Қаттанның "Мабахис фи улум әл-Құран" кітаптарын атауға болады. Бұл аталған кітартардан да басқа Құран ілімдері ғылымының әр тарауына арналған арнайы кітаптар мен ғылыми зерттеулер де өте көп.

        Қазір "Құран ілімдері" ғылымы жоғары оқу орындары мен арнайы діни медреселерде жеке пән ретінде оқытылады. Құран ілімдері ғылымынан араб және басқа да мұсылман мемлекеттерінде магистрлік пен докторлық диссертациялар қорғалып жатыр. Құран ілімдері – қазір түрлі салаларға бөлінген, қанатын кеңге жайған дербес ғылым.Бұл ғылымды үйрену Құранды дұрыс әрі терең түсінуге, шариғаттың басқа да ғылымдары туралы жақсы түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Себебі барша діни ғылымдардың басты дерек көзі Құран Кәрім кітабы болып табылады.