Уахиды жоққа шығарушылардың үкімі қалай?
Уахидің ақиқат екендігін жоққа шығарудан сақтану
Алла тағала Мұхаммедті елші етіп таңдап, оған Құран Кәрімді уахи етіп түсіре бастағаннан бастап жүректері күмән мен тәкаппарлыққа толы адамдар бұл ғажайып құбылысты Алланың қалауы деп қабылдаудан бас тартып, адамдар арасына ол туралы көптеген негізсіз күмәнді ойларды тарату арқылы олардың санасын арбап, дұрыс жолдан тайдыруға тырысты. Құранды Алланың Мұхаммедке (ﷺ) түсірген уахи екендігін теріске шығаратындар өз ойларын ғылыми дәйектерге негізделген шындық ретінде де дәлелдеуге тырысып бақты. Алайда Құранды шын көңілімен тыңдап, сүрелер мен аяттардың терең мағыналарына зер салған әрбір жан оның адамның қолынан шыққан туынды емес екендігін, ондағысөз саптауының да, сөйлем мағынасының да тылсым қасиетке ие екендігін жүрегімен сезінеді әрі ол туралы айтылған жалған ойлардың ақиқатына көз жеткізеді. Тек осы сезімді нәпсінің азғыруына жеңдіріп, тура жолдан адаспауы қажет