Меккелік және мәдиналық аяттарды қалай білуге болады?
Меккелік және мәдиналық
аяттарды білудің жолы
Имам әз-Зурқани: Меккелік
және мәдиналық аяттарды білудің бір ғана жолы
бар. Ол – сахабалар мен табиғиндерден жеткен риуаяттар. Себебі бізге Алла
елшісінен (ﷺ)меккелік және
мәдиналық аяттарға қатысты ешқандай хабар
жетпеген. Өйткені Пайғамбардың (ﷺ) заманында адамдар
Құранның Алла елшісіне қалай және
қашан түскендігін көздерімен көріп отырған",[1] -
деген.
Сахабалар мен табиғиндердің[2] Құран
аяттарының түскен жерлері мен уақыттарына аса
көңіл бөлгендерін олардың сөздерінен
аңғаруға болады. Мысалы, Абдуллаһ ибн Масғуд
(Алла оған разы болсын): "Одан басқа тәңір
жоқ Алламен қасам ішемін. Мен Алланың кітабынан түскен
әрбір сүренің қайда түскенін білемін,
Алланың кітабынан түскен әрбір сүренің неге
қатысты түскенін білемін.Егер түйе жете алатын жерде
Алланың кітабын менен артық білетін адамның бар екендігін
білсем, оған міндетті түрде барар едім", – деген.[3] Ал
Икримадан бір кісі Құрандағы бір аят туралы
сұрағанда, ол: "(Сен сұрап отырған аят) ана
таудың етегінде түскен", – деп Салғты[4] көрсеткен.
[1]Мұхаммед
Абдул-Азим әз-Зурқани. Манаһил әл-Ирфан фи улум
әл-Құран. І том, 247-бет.
[2]Сахабалар
– Мұхаммед пайғамбардың (ﷺ) көзін көріп, иман
келтіргендер. Табиғиндер – сахабалардың шәкірттері.
[3]Әл-Бұхари
мен Муслим риуаят еткен.
[4]Мәдина
қаласының базарына жақын таудың аты.