Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Меккелік және мәдиналық аяттардың ерекшеліктері қандай?
        Меккелік және мәдиналық аяттардың ерекшеліктері қандай?

        Меккелік және мәдиналық аяттардың ерекшеліктері қандай?

        Меккелік және мәдиналық аяттардың ерекшеліктері

        Жоғарыда меккелік және мәдиналық аяттарды сахабалар мен табиғиндерден жеткен риуаяттар арқылы ғана  білуге болатындығын айттық. Дегенмен, меккелік және мәдиналық аяттарды бір-бірінен ерекшелеп тұратын бірнеше айырмашылықтары да бар.

         

        Меккелік аяттардың ерекшеліктері:

        1. "Кәллә" (كلاәрине олай емес) сөзі бар сүрелердің барлығы – "меккелік". Бұл сөз Құранның он бес сүресінде, отыз үш рет келген.

        2. Сәжде аяты бар сүрелердің барлығы – "меккелік". Олар:

         

        Сүре аты

        Аят нөмірі

        Сүре аты

        Аят нөмірі

        1. Ағраф

        206

        8.  Нәмл

        25-26

        2. Рағд

        15

        9. Сәжде

        15

        3. Нахл

        49

        10. Сад

        24-25

        4. Исра

        107-109

        11. Фуссилат

        37-38

        5. Мәриям

        58

        12. Нәжм

        62

        6. Хаж

        18

        13. Иншиқақ

        21

        7. Фурқан

        60

        14. Ғалақ

        19

         

        3. "Бақара" мен "Әлі Имран" сүрелерінен басқа хуруф әт-таһажжи (немесе хуруф муқаттаға)[1] әріптерімен басталған сүрелердің барлығы меккелік сүрелер. Ал "Бақара" мен "Әлі Имран" сүрелері, барлық ғалымдардың пікірінше, мәдиналық сүрелерге жатады және "Рағд" сүресіне қатысты ғалымдар арасында пікір қайшылықтары бар. Бір ғалымдар оны "меккелік" десе, екінші ғалымдар "мәдиналық" деп есептейді.

        4. "Бақара" сүресінен басқа, Адам ата мен Ібіліс шайтанның қиссасы бар барлық сүрелер "меккелік" болып табылады.

        5. "Бақара" сүресінен басқа, пайғамбарлар мен бұрынғы өткен үмбеттер туралы қисса бар сүрелердің барлығы "меккелік" сүрелерге жатады.

        6. "Ей, адамдар!" деген тіркес бар және "Ей, иман келтіргендер!" деген тіркес жоқ сүрелер де "меккелік" деп есептеледі.

        7. Муфассал[2] сүрелердің көпшілігі"меккелік" деп есептеледі. Абдуллаһ ибн Масғуд: "Муфассал" Меккеде түскен...", – деген.[3] Яғни муфассалл сүрелердің көпшілігі Меккеде түскен. Бірақ"Нас" сүресі муфассал сүрелердің қатарына кіргенімен, ол Мәдинада Мұхаммед пайғамбар () дүниеден озардан аз бұрын түскен.

         

        Мәдиналық аяттардың ерекшеліктері:

        1. Худуд және фараид[4] үкімдері бар сүрелердің барлығы – "мәдиналық". Себебі Меккеде уахи етілген аяттар Алланың таухидына, адамдарды пұтқа табынудан қайтаруға арналған болатын. Ал Пайғамбар () Мәдинаға қоныс аударып, мұсылмандардың қатары көбейген шақта оларға қатысты шариғат үкімдері, жаза түрлері, қайтыс болған адамның байлығын ұрпақтары мен туған-туысқандары арасында бөліске салудың үкімдері де түскен. Ал Меккеде мұндай мәселелер көтерілмеген болатын.

        2. Алла жолында күрес, жиһад туралы аяттар да "мәдиналық" болып есептеледі. Себебі Меккеде мұсылмандар әлсіз және аз болатын. Сондықтан олар дұшпандарының зорлық-зомбылықтарына сабырлылықпен, төзімділікпен ғана шыдайтын. Ал Мәдинада мұсылмандар көбейіп, күшейіп, өздерінің құқықтарын қорғауға шамалары келген уақытта Алла Тағала оларға өз құқықтарын күшпен, қарумен қорғауға рұқсат берді.

        3. Екі жүзді мұнафықтар[5] туралы сүрелердің барлығы – "мәдиналық". Себебі Мұхаммед пайғамбар () Меккеде болған кезде мұсылмандардың арасында мұнафықтар болмаған. Ал Мәдина қаласында мұсылмандардың мысынан қорыққан, күпірлігін жария айтудан қаймыққан және басқа да мақсатта имансыз екендігін жасырған екі жүзділер пайда болған. Сол себепті мұнафықтарға қатысты сүрелердің барлығы "мәдиналық" болып табылады.

        4. Алла Тағала Мұхаммед пайғамбарға () кітап иелеріне де қатысты аяттар түсірген.Кітап иелерімен[6], яғни яһудилер және христиандармен пікірталас жүргізген сүрелер "мәдиналық" деп есептеледі. Себебі Меккеде мүшрік арабтардан басқа ешкім тұрмайтын. Ал Мәдинаны мүшрік арабтармен бірге яһудилер және бірен-саран христиан дінін қабылдаған арабтар да мекен ететін.

        Жалпы меккелік аяттар қысқа, нақты және Алланың таухидін, мінез-құлықтар, жалпы дін, шариғат туралы мағыналарды қамтуымен, ал мәдиналық аяттар ұзын, шариғат үкімдерін кең мағынада тарқататындығымен ерекшеленеді.

        Ғалымдар арасында он екі сүренің меккелік не мәдиналық екендігіне қатысты пікірталас бар. Имам әс-Суюти: "Бірауызды келісім бойынша мәдиналық жиырма сүре, пікірталас тудырған он екі сүре бар. Қалғандары бірауыздан "меккелік" деп есептеледі", – деген[7]Төмендегі кестеде ғалымдар арасында меккелік және мәдиналық екендігінде дау жоқ сүрелер мен меккелік яки мәдиналық екендігі пікірталас тудырған сүрелер берілген.

         

        Мәдиналық сүрелер

        1

        Бақара

        11

        Хужурат

        2

        Әлі Имран

        12

        Хадид

        3

        Ниса

        13

        Мужәдәлә

        4

        Мәида

        14

        Хашр

        5

        Әнфәл

        15

        Мумтахина

        6

        Тәубе

        16

        Жұма

        7

        Нур

        17

        Мунафиқун

        8

        Әхзаб

        18

        Талақ

        9

        Мұхаммед

        19

        Тахрим

        10

        Фатх

        20

        Наср

         

        Пікірталас тудырған сүрелер

        1

        Фатиха

        7

        Қадр

        2

        Рағд

        8

        Бәйинә

        3

        Рахман

        9

        Зилзәлә

        4

        Сафф

        10

        Ықылас

        5

        Тағабун

        11

        Фәләқ

        6

        Мутаффифин

        12

        Нәс

         

        Осы сүрелерден басқа сүрелер меккелік сүрелер болып есептеледі

         


        [1]Құран Кәрімнің бірнеше сүрелері араб әліпбиіндегі кейбір әріптердің жиынтығынан басталады. Мысалы, Бақара, ЙаСин, ХаМим және т.б. сүрелердің бұлай басталуының сыры бір Аллаһқа ғана аян.

        [2]Муфассал сүрелері - «Қаф» сүресінен "Нас" сүресіне дейінгі сүрелердің жалпы атауы. Кейбір ғалымдардың пікірінше, Муфассал сүрелері «Хужурат» сүресінен басталады.

        [3]Әт-Табарани "Әл-Муғжам әл-аусат" деп аталатын хадистер жинағында риуаят еткен.

        [4]Худуджаза. Шариғат заңын бұзғанда қолданылатын жазалар. Фараидмұра, қайтыс болған адамның артында қалған байлығын мұрагерлеріне шариғаттың үкімдеріне сай үлестіру. Фараид және мирас терминдері жалпы діни еңбектерде кейде бір мағынада қолданыла береді. Бірақ мирас ғылымында "фараид" термині шариғатта мұрадан нақты белгіленген үлеске қолданылады.

        [5]Мұнафықтілімен "мұсылманмын" деп, жүрегімен иман келтірмеген екі жүзді адам. Ислам дінінде мұнафықтың күнәсі кәпірдің күнәсінен де ауыр. Себебі кәпір өзінің кәпір екендігін жасырмайды, ал мұнафық өзінің кәпір екендігін жасырып, жалған сөйлейді. Ал Ислам діні өтірік айтуды өте үлкен күнәлардың қатарына жатқызған.

        [6]Яһудилер мен христиандар да кітап түсірілген үмбеттер болғандықтан, Аллаһ Тағала оларды кітап иелері деп атаған.

        [7]Жәләлуддин әс-Суюти. Итқан фи улум әл-Құран. 1 том, 44-бет.