Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Алғашқыда қабірді зиярат теуге тыйым салнған кейіннен қайта рұқсат етілген, неге олай?
        Алғашқыда қабірді зиярат теуге тыйым салнған кейіннен қайта рұқсат етілген, неге олай?

        Алғашқыда қабірді зиярат теуге тыйым салнған кейіннен қайта рұқсат етілген, неге олай?

        С: Алғашқыда қабірді зиярат теуге тыйым салнған кейіннен қайта рұқсат етілген, неге олай?

        Ж: Дәлелдерге түсініктеме

        Ислам дінінің алғашқы жылдарында Пайғамбар (с.а.с.) қабірлерді зиярат етуге тыйым салған. Себебі, ол кездері жаһилиет дәуірінің кейбір сорақы әдет-ғұрыптары сақталып тұрған еді. Бағзы тайпалар мақтаныш үшін дүниеден өтіп кеткен ерлерінің ерліктерін айтып, дінге қарама-қайшы жат қылықтарды жасайтын. Ал Ислам дінінің әдебі, таухид ілімі және иман негіздері адамдардың жүрегіне нық орнағаннан соң қабірлерді зиярат етуге рұқсат берілді.

        Пайғамбар (с.а.с.) Бақи қорымына барып былай дейтін еді: «Ассаламу алейкум, ей мүміндер жұрты! Сіздерге уәде етілген нәрселер келіп жетті. Ертең Қиямет күні көз алдарыңызда көрсетіледі. Иншалла, біздерде сіздерге келіп қосылармыз. Уа, Алла! Бақиғул-ғарқад қорымында жатқандарды жарылқай гөр!». Мүслім риуаяты.

        Бурайданың (р.а.) риуаятында былай делінеді: «Пайғамбар (с.а.с.) қабірстанға барған сахабаларға мына дұғаны үйрететін: «Сәлем сендерге, уа, мүмін қауым жұрты! Біздер де, Алла қаласа, сіздерге қосылармыз. Алладан өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін!». Мүслім риуаяты.

         Хадистерден ғибрат

         1. Исламның бастапқы дәуірінде қабірді зиярат ету әдебіне қарама-қайшы келетін, жәһилиет дәуірінен қалған жат қылықтардың кең етек алу себептеріне байланысты Пайғамбар (с.а.с.) қабір зиярат етуге тыйым салған болатын. Сондай сорақы әдет-қылықтар жойылып, мұсылмандардың жүрегінен иман негіздері берік орнағаннан кейін Пайғамбар (с.а.с.) қабірлерді зиярат етуге рұқсат берді.

        2. Қабір зияраты жүректерді жұмсартады, пенденің есіне өлімді және ақыретті түсіреді. Сол үшін әр уақытта қабірлерді зиярат етіп тұру, өлгеннен кейін қабірде кешетін халдерді ойлап, өмірді жақсы ізге салуға, сауапты жақсылық істер жасауға, құлшылық амалдарын толық орындауға асығу керек.

        3. Зиярат ету өлімді еске түсіреді, дүниеге деген махаббатты жүректен аулақтатып, мақтаншақтықтан, тәкәппарлықтан арылуға және қарапайым кішіпейіл болуға себеп болады.

        4. Өлілер тірілердің дұғаларынан, садақаларынан және жақсы амалдарынан пайда алады. Сол себепті өлілердің атына дұға жасау керек.

        5. Қабірлерде жатқандарды ертеңгі біздің көршілеріміз деп тану керек.

        6. Қабірлерді тек қана күндіз емес, кешкі уақыттары да зиярат етуге болады.