Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Меккелік және мәдиналық сүрелердің қандай түрлері бар?
        Меккелік және мәдиналық сүрелердің қандай түрлері бар?

        Меккелік және мәдиналық сүрелердің қандай түрлері бар?

        Меккелік және мәдиналық сүре түрлері

        Кейбір сүренің барлық аяттары меккелік, кейбір сүрелердің барлық аяттары мәдиналық болып келсе, кейбір сүре аяттарының басым көпшілігі меккелік, тек бірнеше аяттары ғана мәдиналық болып немесе кейбір сүре аяттарының басым көпшілігі мәдиналық, тек кейбір аяттары меккелік болып келеді. Яғни  меккелік және мәдиналық сүрелердің төрт түрі бар. Мысалы,

        1. "Муддасир" сүресінің барлық аяттары Меккеде түскен.

        2. "Әлі Имран" сүресінің барлық аяттары Мәдинада түскен.

        3. "Ағраф" сүресінің бірнеше аяттарынан басқасы Меккеде түскен. Тек 163-172 аяттары ғана Мәдинада түскен. Бұл мәлімет бізге Қатададан жеткен.[1]

        4. "Хаж" сүресінің төрт аятынан басқасы Мәдинада түскен. Тек 52-55 аяттары ғана Меккеде түскен.

        Меккелік және мәдиналық сүрелерді бұлайша топтастырудан олардың басым аяттарының Меккеде не Мәдинада түскендігіне қарай аталатындығын аңғаруға болады.

         


        [1]Мұхаммед Абдул-Азим әз-Зурқани. Манаһил әл-Ирфан фи улум әл-Құран. І том, 251-бет.