Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Қабірді қай күні зиярат еткен дұрыс?
        Қабірді қай күні зиярат еткен дұрыс?

        Қабірді қай күні зиярат еткен дұрыс?

        С: Қабірді қай күні зиярат еткен дұрыс?

        Ж: Қабірді аптаның кез-келген күні зиярат етуге болады. Алайда ғұламалардың пікірінше ең абзал күндер: жұма, сенбі, дүйсенбі, бейсенбі.

        Зияратқа барған кісі Алла Тағалаға дұға жасап, өлімнен ғибрат алып, мәйіттердің атына Құран оқып бағыштайды. Осы істелген істердің барлығының сауабы марқұмдарға тиеді. Қабірстанға кірген кісінің өлімнен ғибрат алып, болашақта осы жұртпен бірге болатынын ұғынып, құлшылық амалдарын толық орындауға тырысуы ләзім.

        Зиярат жасалатын қабірлердің жақын немесе ұзақ болуында айырмашылық жоқ. Ара-қашықтық алыс болса да сапарға шығып, момын мұсылмандардың қабірлерін зиярат қылуға болады.