Мәйіттер зияратшыларды таниды ма?
С: Мәйіттер зияратшыларды таниды ма?
Ж: Мәйіттер зияратшыларды таниды
Бәйһақи Шуғабул-Иман кітабында Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят қылады: «Егер бір кісі таныс қабір жанынан өтсе сөйтіп мәйітке сәлем берсе, қабірдегі кісі оны танып сәлемге жауап қайтарады. Егер бейтаныс кісінің қабірі алдынан өтіп оған сәлем берсе, оның да сәлеміне жауап қайтады».
Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне қабір жұртымен құдды тірі адамдарға сәлем бергендей сәлемдесуді бұйырған. Мұның өзі өлілердің тірілердің сәлемін еститіндігін, оларды танитындығының дәлелі.