Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Әсбәб ән-нузул деген не?
        Әсбәб ән-нузул деген не?

        Әсбәб ән-нузул деген не?

        Әсбәб ән-нузул (Құран аяттары мен сүрелерінің түсу себептері)

        Алла Тағала әрбір жаратылыстардың тағдырын белгілегені сияқты оның себебін де белгілеген. Дүние есігін жаңа ашқан нәрестенің өмірге бейімделіп кетуінің шарттары мен себептері бар. Кез келген істің, оқиғаның пайда болуы мен дамуы үшін де дайындық пен себептер болуы керек. БұлАлла Тағаланың жаратылыс табиғатына жазған заңы. Оны өзгерту ешкімнің қолынан келмейді.

        Тарихта орын алған оқиғалардың мән-маңызын түсіну үшін, алдымен оның себебіне үңілу қажет. Оқиғаның орын алу себебін білмей, оны жетік түсіну және одан сабақ алу мүмкін емес. Себебі оқиғаның себебін білу арқылы ғана оның ақиқатына көз жеткізуге болады.

        Бұл заңдылық Құран Кәрімге де қатысты. Алла Тағала Құран Кәрімді адамзатты тура жолға салуда, Аллаға және Оның елшілеріне иман келтіруде, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуде және өмірдің кез келген саласында басшылыққа алатын негізгі кітап ретінде түсірді. БұлҚұран Кәрім кітабының жалпы және басты түсу себебі.

        Құран Кәрімдегі барлық сүрелер мен аяттарды түсу себебіне қарай екіге бөлуге болады:

        1. Сол сүреге яки аятқа қатысты жеке түсу себебі жоқ сүрелер мен аяттар. Бұл бөлімге кіретін сүрелер мен аяттардың түсу себебін Құран Кәрімнің жалпы түсу мақсатымен байланыстыруға болады. Яғни ол сүрелер мен аяттар адамзатты дұрыс жолға бастау, Алла пен Оның пайғамбарларына иман келтіруді үйрету мақсатында түсірілген.

        2. Сол сүреге не аятқа қатысты жеке түсу себебі бар сүрелер мен аяттар. Құранның жалпы түсу себебі бұл сүрелер мен аяттарға да қатысты,сондай-ақ бұл тараушада қарастырылатын сүрелер мен аяттардың әрбіреуіне ғана қатысты жекелеген түсу себептері болады. Бұл тақырыпта осы себептер қамтылады. Яғни "Құран ілімдері" ғылымның бір саласы ретінде қарастырылатын "Әсбәб ән-нузул" тарауында осы екінші бөлімге жататын сүрелер мен аяттардың түсу себептері қарастырылады.

        Әсбәб ән-нузул (түсу себептері), яғни аяттың не аяттардың түсу себебі дегеніміз не? ОлМұхаммед пайғамбардың() заманында орын алған бір оқиғаға қатысты не оған () қойылған сұраққа жауап ретінде келген аят немесе аяттардың түсірілу себептері.

        Сахабалар Мұхаммед пайғамбармен()өткізген уақыттарында оның ()өмірінде орын алған көптеген оқиғалардың куәгерлері болды. Олар күнделікті тіршіліктерінде көңілдеріне күдік тудырған оқиғалардың шарғи үкімін білу үшін Алланың елшісіне () келетін. Сонда Алла Тағала олардың сұрақтарына жауап ретінде аяттар түсіретін. Сол сияқты, Мұхаммед пайғамбарды () сынау үшін басқа дін өкілдері де одан әртүрлі сұрақтар сұрайтын. Алла Тағала оларға да жауап ретінде аяттар түсіретін. Кейде мұсылмандардың барлығына қатысты, тіпті Мұхаммед пайғамбар да () жауабын білмейтін оқиғалар орын алатын. Алла Тағала осындай кездерде де, мұсылмандарға дұрыс шешімді көрсетіп, пайғамбарына () аят түсіретін. Мысалы, Мәдина қаласында мұсылмандармен бірге өмір сүретін яһудилер әйелдерімен етеккір мезгілінде төсектес болмайтын және бірге тамақтанбайтын болған. Олардың бұл ісі жайлы сахабалар Алла елшісінен сұрайды. Сонда Алла Тағала пайғамбарына ():

        "Олар сенен қайыз жайлы сұрайды. "Олжиренішті нәрсе. Қайыз кезінде әйелдерден оқшауланыңдар және олармен тазарғанша жақындаспаңдар. Егер тазарса, Алла өздеріңе бұйрған жерінен жақындасыңдар. Расында, Алла тәубеге келушілерді жақсы көреді және тазаланушыларды жақсы көреді", – деп айт", – деген.[1] Осы аят түскеннен кейін Алланың елшісі () сахабаларға етеккірі келген әйелмен жыныстық қатынастан басқа барлық нәрсені жасауға рұқсат берген.[2]

        Сахабалардан бастап бүгінгі күнге дейін өмір сүрген барша мұсылман ғалымдары әсбәб ән-нузулге ерекше көңіл бөлген. Себебі әсбәб ән-нузулҚұран Кәрім аяттарын түсінуге көмектесетін ең маңызды көмек құралы, Құранның сырын ұғынудың кілті. Имам әл-Бұхаридің ұстазы Әли әл-Мәдини, одан кейін әл-Уақиди, Ибн Хажар әл-Асқаләни, Жәләлуддин әс-Суюти тәрізді көрнекті ғалымдар бұл ғылым саласына арнайы еңбектер жазған.

         


        [1]"Бақара" сүресі, 222-аят.

        [2]Бұл оқиға имам Муслим мен Ахмад Әнәс ибн Мәликтен риуаят еткен хадисте баяндалған.