Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Зиярат етудің мәкруһтері қандай?
        Зиярат етудің мәкруһтері қандай?

        Зиярат етудің мәкруһтері қандай?

        С: Зиярат етудің мәкруһтері қандай?

        Ж: Зиярат етудің мәкруһтері

        Қабірді басу, қабір үстінде отыру, қабір үстінде ұйықтау және қабір жанында намаз оқу мәкруһ. Қабірді зиярат қылудағы мәкруһ істер төмендегіше баяндалған:

        1. Жоғарыда айтылған сүннет амалдарды, яғни қабірді зиярат ету әдептерін тастау мәкруһ.

        2. Қатты дауыс шығарып жылау мәкруһ.

        3. Қабір тасын және темірлерін сүю мәкруһ.

        4. Әйелдердің бөтен ерлермен араласып зиярат етуі мәкруһ.

        5. Қабір жанында шам, от жағу, сол жердегі өсіп тұрған ағаштарға шүберек-маталар байлау мәкруһ.

        Мұның бәрі мәкруһ тахрими, яғни харамға жақын мәкруһ.