Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Зиярат етуге байланысты қандай істер тыйым салынады?
        Зиярат етуге байланысты қандай істер тыйым салынады?

        Зиярат етуге байланысты қандай істер тыйым салынады?

        С: Зиярат етуге байланысты қандай істер тыйым салынады?

        Ж: Зиярат етуге байланысты тыйым салынған істер

        1. Қабірді қолмен сипау, ұстау, сүю, көзге сүрту, айналып жүру шын мәнінде қатаң тыйым салынған. Бұлар христиандардың әдеттері.
        2. Қабір үстінде отырып немесе жанында тұрып суретке түсу, сондай-ақ саяхаттауға барғандай дауыстарын көтеріп, әзіл-күлкі, қалжыңмен сөйлесу дұрыс емес.
        3. Қабір үстіне шам немесе шырақ жағып қою, олардың айналасына әруақтар келеді деп сену – надандық. Бұл отқа табынушылардың әдеті.
        4. Қабір басына қандай да бір тамақ, азық-түлік қалдырып кету, бұл өлікке азық болады деген ниетпен сенім білдіру үлкен күнәға жол қою болып табылады. Өйткені өліктің бар азығы – тірі кезінде жасаған ғибадат-құлшылықтары және сауапты іс-амалдары.
        5. Қабірге қарап намаз оқу. Пайғамбар (с.а.с.) қабірге қарап намаз оқуға тыйым салған.

        قال رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم: »لاَ تُصَلُّوا إِلَى الْقُبُورِ وَلاَ تَجْلِسُوا عَلَيْهَا.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ

        Алланың елшісі (с.а.с.): «Қабірлерге қарап намаз оқымаңдар және олардың үстіне отырмаңдар», – деген. Мүслім риуаяты.