Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Құран Кәрім кітабындағы сүрелердің тәртібі қандай?
        Құран Кәрім кітабындағы сүрелердің тәртібі қандай?

        Құран Кәрім кітабындағы сүрелердің тәртібі қандай?

        Құран Кәрім кітабындағы сүрелердің тәртібі

        Алла елшісіне () аяттардың Құран кітабындағы ретімен түспегені сияқты сүрелер де Құран кітабындағы рет бойынша түспеген. Аяттардың реті Алланың тауқифымен[1] болған іс екендігіне ғалымдар бірауыздан келіскен. Ал сүрелердің Құран кітабындағы ретіне байланысты ғалымдар арасында үш түрлі пікір бар. Олар:

        1. Алланың тауқифымен болған.

        2. Құран Кәрімді бір кітапқа жинақтаған сахабалардың ижтиһадымен болған.

        3. Кейбір сүрелердің реті тауфиқи, кейбір сүрелердің реті ижтиһади.[2]

        Көпшілік ғалымдардың пікірінше,сүрелердің ретін де Алла тағаланың қалауымен Мұхаммед пайғамбар () уахиды жазатын сахабаларына айтып отырған. Сондықтан сүрелердің Құран Кәрім кітабындағы ретінде Жәбірейіл періштенің де, Мұхаммед пайғамбардың да (), Құранды жинақтаған сахабалардың да қатысы жоқ.

        Егер Құран кітабындағы сүрелердің реті сахабалардың ижтиһадымен болғанда, Құранды Османның халифаттығы тұсында жинағанда, дәлірек айтқанда Әбу Бәкірдің кезінде жинақталған Құран парақтарынан бір кітап қылып көшіргенде олардың арасында пікірталас туар еді.Өз қалауларымен Құран жинақтаған сахабалардың жинақтарында сүре реті әртүрлі болған. Бірақ олар Зәйдтің Құран жинағындағы сүрелер ретімен бірден келіскен. Бұл – олардың мусхафтарындағы сүре реті Алла елшісінің () үйреткен реті емес екендігін мойындағандықтарының белгісі. Егер Зәйдтің сүрелерді реттеуі Алла елшісінің () сүре реттеуімен сай келмегенде олар міндетті түрде оған қарсы пікір айтар еді. Алайда мұндай оқиға орын алған жоқ. Оған қоса, өз қалауларымен Құран жазып жүрген сахабалардың барлығы өз мусхафтарын халифаның бұйрығымен өртеуге келісім берген. Бұл – Осман ибн Аффанның басшылығымен жинақталған Құран сүрелерінің Алла елшісі () үйретіп кеткен тәртіппен жиналғандығының айғағы.


        [1]Тауқиф – Алланың қалауымен ғана болатын, адамдардың шешімі араласпайтын іс.

        [2]Мусағид ибн Сүлеймен ибн Насир әт-Тайиар. Әл-Мухаррар фи улум әл-Құран. 197-бет.