Құран Кәрім кітабының дәрежесі қандай? (Мусхаф)
Құран Кәрім кітабының дәрежесі қандай?
(Мусхаф)
Иісі мұсылман үмбеті үшін Құран
Кәрім кітабының орны ерекше, басқа кітаптар бір төбе,
Құран Кәрім кітабы бір төбе. Барша мұсылман
халықтарында Құранға деген құрметте ерекше.
Оны сыйлап, аяқ асты етпей, жоғары қойып қастерлейді.
Өйткені ол – Алла Тағаланың сөзі, ол – Мұхаммед
пайғамбардың (ﷺ)
ең үлкен муғжизасы, ол – Қиямет күніне дейін
өзгеріссіз қалатын және сақталатын бірден-бір кітап.
Құран Кәрім кітабының осы секілді сипаттарын тізбектей
беруге болады. Сондықтан Алла елшісінің (ﷺ) заманынан бүгінгі күнге дейін
барлық мұсылмандар оған арнайы көңіл
бөлген. Оны жүректерінде сақтағаны сияқты екі
мұқабаның арасында сақтауға да аса
жауапкершілікпен қараған.
Алдыңғы тарауларда Алла елшісінің (ﷺ), Әбу
Бәкірдің және Османның заманында Құран
Кәрімнің жазылуы мен жинақталуы тарқатылса, бұл
тарауда Құран Кәрім кітабының жазылуы мен оның
дамуы талданады.Осман ибн Аффанның жетекшілігімен Зәйд ибн
Сәбит бастаған сахабалардың Әбу Бәкірдің
заманындағы Құран Кәрімнің жинағынан
көшірген көшірмесі біздің қолымыздағы
Құран Кәрім кітабының негізі болып табылады. Содан
беріғылымның дамуымен жазу-сызу да дамыды. Адамдар жазудың
ыңғайлы әрі жеңіл жолдарын ойлап таба бастады.
Мұсылмандар ғылыми жетістіктерді Құран Кәрім
кітабының жазылуында да пайдаланды. Енді сөз осы туралы
өрбитін болады.
Құран Кәрім кітабының "мусхаф" деп
аталуының сыры неде?
Араб тілінде "мусхаф" сөзі "парақтар
жиынтығы" деген мағынаны береді.[1]Яғни
Құран – Алла Тағаланың сөзі
болса, мусхаф – Алла Тағаланың сөзі
жазылған парақтар. Құран Кәрімнің
жазылатындығына және жинақ болатындығына
Құран Кәрім кітабында көптеген сілтемелер келген.
Мысалы,
Алла Тағала: "ӘлифЛәмМим. Ол кітапта
күмән жоқ, (ол) – тақуаларға дұрыс жол
көрсетуші", – деген.[2] Осы
аятта Алла Тағала Құран Кәрімді "Кітап" деп
атаған. Бұл – Құран Кәрімнің кітап болып
жазулы болатындығының басты дәлелі.
Алла Тағала:"Расында, бұл (үкімдер) алғашқы
парақтарда, Ибраһим мен Мусаның парақтарында бар",
– деген.[3] Яғни
Құран Кәрімнің осы сүресінде
қамтылған үкімдер оған дейінгі Алла түсірген
кітаптар мен парақтардағы сияқты жазулы болады.
Алланың сөзі жазылған парақтар
жиынтығының"Құран" немесе "мусхаф"
деп аталуысахабалардың заманынан бері кең тараған.
Мысалы,Абдуллаһ ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын):
"Алла елшісі (ﷺ)
жау жеріне мусхафпен баруға тыйым салғанын естідім", – деген.[4] Осы
хадистің екінші риуаятында "Алла елшісі (ﷺ) жау жеріне мусхафпен баруға тыйым салды[5]"
деп келген.
[1]Бәдруддин
әл-Айни әл-Ханафи. Умдату әл-қари шарх Сахих
әл-Бұхари.
[2]"Бақара"
сүресі, 1-2-аяттар.
[3]"Ағлә"
сүресі, 18-19-аяттар.
[4]Имам
Ахмад риуаят еткен.
[5]Имам
әл-Бұхари риуаят еткен.