Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Аяттардың харакаттары мен нүктерлерін қоюдың үкімі қандай?
        Аяттардың харакаттары мен нүктерлерін қоюдың үкімі қандай?

        Аяттардың харакаттары мен нүктерлерін қоюдың үкімі қандай?

        Аяттардың харакаттары мен нүктерлерін қоюдың үкімі қандай?

        Құран аяттарына харакаттар мен әріпті айқындаушы нүктелер қосуға әш-Шағби,[1]Ибраһим ән-Нахағи,[2] Ибн Сирин[3] сияқты кейбір ғалымдар қарсы шықты. Олар Құранға бірнәрсені қосуды құптамады. Олар Абдулла ибн Масғудтың (Алла оған разы болсын): "Құранды оған қатысы жоқ барлық нәрседен тазартыңдар және оған ешнәрсені араластырмаңдар", – деген[4] сөзін басшылыққа алды. Бірақ бұл істің мұсылмандар үшін пайдалы әрі оның Құранға өзгеріс алып келмейтіндігіне көз жеткізгеннен кейін ғалымдардың барлығы Құран аяттарына харакаттар мен әріп айырғыш нүктелерді қоюға рұқсат етті. Тіпті кейбір ғалымдар оны "мустахаб амал" деп те есептеді. Имам ән-Нәуәуи: "Ғалымдар: "Мусхафқа нүкте мен шакл (харакат) қою мустахаб", – деген. Өйткені ол мусхафты қателіктен сақтайды. Ал әш-Шағби мен ән-Нахағи сол уақытта мусхафқа өзгеріс енгізуден қорыққандықтан, оған нүктелер мен шәкл қосуды ұнатпаған. Бүгінде мусхафқа ондай өзгеріс енуден қорқыныш сейілген. Сондықтан оған тыйым салынбайды. Өйткені бұл ғылымды жіктеу, медреселер салу, шекара күзету сияқты жақсы жаңалықтарданболып табылады", – деген.[5]


        [1]Әш-Шағби – көптеген сахабалардың көзін көріп, олардан тәлім алған атақты ғалым.

        [2]Ибраһим ән-Нахағи (һижраның 96-жылы қайтыс болған) Абдулла ибн Масғудтың (Аллаһ оған разы болсын) шәкірті, атақты фақиһ ғалым. Әбу Ханифаның ұстазы Хаммад Ибраһим ән-Нахағиден тәлім алған.

        [3]Кейбір хабарларда Ибн Сириннің бұл іске рұқсат бергендігі айтылған.

        [4]Имам әл-Бәйһақи. Шуғаб әл-иман. Баспаға әзірлеген Мұхаммед әс-Сағид Бисиюни Зағлул. Бейрут, Дәр әл-кутуб әл-илмия. 1410 һ.ж.  2 том, 547-бет.

        [5]Имам ән-Нәуәуи. Әт-Тибиян фи әдәб хәмәлә әл-Құран. – Дамаск, әл-Уйкәлә әл-амма лит-таузиғ. 1983 ж. 110-бет.