Құран Кәрім кітабын ұстаудың үкімі қандай?
Құран Кәрім кітабын ұстаудың үкімі
қандай?
Адам баласы жазу-сызуды үйренгелі Құран Кәрім
сияқты құрметке, қамқорға ие болған
ешбір кітап болған емес. Барлық ғалымдардың ортақ
пікірінше, жүніп адамға Құран Кәрім кітабын
ұстауға және оны оқуға тыйым салынады. Ал
дәретсіз адамға Құран Кәрім кітабын
ұстауға тыйым салынғанымен, Құран
оқуға тыйым салынбайды. Бұған төмендегі аят пен
Мұхаммед пайғамбардың(ﷺ)хадистері дәлел болады.
Алла тағала: "Ал енді жұлдыздардың
орындарымен ант етемін. Егер білсеңдер, бұл – расында, ұлы
ант. Шын мәнінде ол ардақты Құран. Кітапта(Ләух
махфузда) сақтаулы. Оны тазаланғандардан басқа ешкім
ұстамайды. Әлемдердің Раббысынан нәзіл
болған", – деген.[1]Бұл
аятта қасиетті кітапты дәретсіз ұстауға тыйым
салынғандығы анық айтылған.
Абдуллаһ ибн Әбу Бәкір ибн Хазмнан риуаят етілген хадисте
"Алла елшісі (ﷺ)
Амр ибн Хазмға жазған хатында "Құранды тек таза
адам ұстасын" деп жазылған" деп келген.[2]
Әлиден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте
"Пайғамбарды (ﷺ)
Құраннан жүніптіктен басқа ешнәрсе
тоспайтын" деп келген.[3]
Әли: "Жүніп адам Құраннан бір әріпте
оқымайды" деп үкім шығарған.[4]
Абдуллаһ ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят
етілген хадисте Алла елшісі (ﷺ):
"Жүніп адам мен хайызы келген әйел Құраннан
ешнәрсе оқымайды", – деген.[5]
Имам әл-Бәйқаһи "әс-Сунән
әс-суғра" деген хадистер жинағында
"Құранды таза адамнан басқа ешкім көтермейді,
жүніп адам Құран оқымайды" деген тақырыпта
Алла елшісі (ﷺ)
мен сахабаларынан сегіз хадис риуаят етілген.
Алқама: "Бір сапарда Салман әл-Фарисимен (Алла оған
разы болсын) бірге болдық. Ол қажетін өтеуге барып келді.
Сонда біз оған: "Дәрет алсаңыз. Сізден
Құраннан сұрайтындарымыз бар еді", – дедік. Ол:
"Менен сұрай беріңдер. Мен Құранды
ұстамаймын. Расында, Құранды таза адамдар
ұстайды", – деп, "Ол Жомарт Құран" және
"Оны тазалардан басқа ешкім ұстамайды" деген аяттарды
оқыды", – деген.[6]
[1]"Уақиға"
сүресі, 75-80-аяттар.
[2]Имам
Мәлик "Муатта" кітабында риуаят еткен.
[3]Имам
әл-Бәйқаһи риуаят еткен.
[4]Имам
әл-Бәйқаһи риуаят еткен.
[5]Имам
әл-Бәйқаһи риуаят еткен.
[6]Имам
Хаким мен әд-Дарақутни риуаят еткен.