Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Отбасы
        3. Пайғамбарымыздың үйленуге байланысты өсиеттері
        Пайғамбарымыздың үйленуге байланысты өсиеттері

        Пайғамбарымыздың үйленуге байланысты өсиеттері

        Сұрақ: Пайғамбарымыз үйленуге байланысты қандай өсиеттер айтқан?

        Жауап: Пайғамбарлық (с.а.с.) пәрмен

        عَنْ عَائِشَةَ قَالَتْ قَالَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «النِّكَاحُ مِنْ سُنَّتِي وَمَنْ لَمْ يَعْمَلْ بِسُنَّتِي فَلَيْسَ مِنِّي وَتَزَوَّجُوا فَإِنِّي مُكَاثِرٌ بِكُمُ الأُمَمَ يَوْمَ القِيَامَةِ».

        Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіме амал етпесе, ол менен емес. Сондықтан да үйленіңдер, мен Қиямет күні басқа үмбеттерге сендердің көптіктеріңмен мақтанайын», – деген.

        Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) өзінің хадистерінде қандай жар таңдау керектігін де айтып өткен.

        قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : «يَا مَعْشَرَ الشَّبَابِ مَنِ اسْتَطَاعَ مِنْكُمُ البَاءَةَ فَلْيَتَزَوَّجْ فَإِنَّهُ أَغَضُّ لِلْبَصَرِ وَأَحْصَنُ لِلْفَرَجِ وَمَنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَعَلَيْهِ بِالصَّوْمِ فَإِنَّهُ لَهُ وِجَاءٌ». رَوَاهُ البُخَارِيُّ

        Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Ей, жастар тобы! Іштеріңнен кімнің күші жететін болса – үйленсін. Өйткені үйлену арқылы ол көзін харамдарға қараудан сақтайды әрі мүшесін қорғайды. Ал, егер кімнің күші жетпей жатса ауыз бекітсін. Өйткені ораза – оның қалқаны», – деген. (Бұхари  риуаяты).