Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Отбасы
        3. Менің таныс құрдасым қатты перзент сүйгісі келеді, бірақ әзірге Жаратушымыз оған перзент сүю бақытын нәсіп етпеді, сол бауырымды жұбату мақсатымен қандай ақыл айтсам болады?
        Менің таныс құрдасым қатты перзент сүйгісі келеді, бірақ әзірге Жаратушымыз оған перзент сүю бақытын нәсіп етпеді, сол бауырымды жұбату мақсатымен қандай ақыл айтсам болады?

        Менің таныс құрдасым қатты перзент сүйгісі келеді, бірақ әзірге Жаратушымыз оған перзент сүю бақытын нәсіп етпеді, сол бауырымды жұбату мақсатымен қандай ақыл айтсам болады?

        Сұрақ: Менің таныс құрдасым қатты перзент сүйгісі келеді, бірақ әзірге Жаратушымыз оған перзент сүю бақытын нәсіп етпеді, сол бауырымды жұбату мақсатымен қандай ақыл айтсам болады?

        Жауап: Алла Тағала себепті де, себепсіз де жаратады

        Өмір бойы балаға зар болып, Жаратушы Хақтан перзент сұрап, пұшайман болған пенделердің Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін әсте естен шығармағандары дұрыс. Ол қалағанын жаратады. Ризық-несібені, нығметті себеппен де, себепсіз де бере алады. Мысалы, Ол – Алла Бибі Мариямға ұл сыйлап – Иса пайғамбарды (а.с.) әкесіз тудырды:

        ﴿قَالَتْ رَبِّ أَنَّى يَكُونُ لِي وَلَدٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ قَالَ كَذَلِكِ اللّهُ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ إِذَا قَضَى أَمْراً فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُن فَيَكُونُ﴾  

        «(Мариям) Уа, Раббым! Менде қалайша бала болады, маған ешбір адам жолаған емес», – деді. Ол (періште): «Осылайша Алла қалағанын жаратады. Егер бір іске шешім етсе «Бол» дейді – бола қалады», – деді» (Әли Имран, 47).

        Ол қартайған шағында Ибраһим пайғамбарға (а.с.) бұрын тумаған әйелі Сарадан Ысқақ пен Жақып (а.с.) атты ұлдарды көруді нәсіп қылды.

        ﴿وَامْرَأَتُهُ قَآئِمَةٌ فَضَحِكَتْ فَبَشَّرْنَاهَا بِإِسْحَاقَ وَمِن وَرَاء إِسْحَاقَ يَعْقُوبَ * قَالَتْ يَا وَيْلَتَى أَأَلِدُ وَأَنَاْ عَجُوزٌ وَهَـذَا بَعْلِي شَيْخاً إِنَّ هَـذَا لَشَيْءٌ عَجِيبٌ * قَالُواْ أَتَعْجَبِينَ مِنْ أَمْرِ اللّهِ رَحْمَتُ اللّهِ وَبَرَكَاتُهُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الْبَيْتِ إِنَّهُ حَمِيدٌ مَّجِيدٌ  

        «Оның (Ибраһимнің) әйелі тік тұрып күлді. Біз оны Ысқақпен және Ысқақтан соң Жақыппен сүйіншіледік. Сонда ол: «Маған бәле келсін! Сонда мен тумақпын ба? Өзім – кемпірмін, ал мына күйеуім – шал. Расында бұл ғажап іс екен», – деді. Олар (періштелер): «Алланың әміріне таңданасың ба? Алланың рахымы мен берекеті бослын сендерге, үй иелері! Расында Ол аса мақтаулы әрі аса даңқты», – деді» (Һуд, 71-73).

        Құдіреті шексіз Жаратушы Хақ Тағала Өзінің қалауымен Зәкәрияға (а.с.) бедеу жұбайынан ұлы Жақияны (а.с.) сүюді нәсіп етті.

        ﴿هُنَالِكَ دَعَا زَكَرِيَّا رَبَّهُ قَالَ رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنْكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء * فَنَادَتْهُ الْمَلآئِكَةُ وَهُوَ قَائِمٌ يُصَلِّي فِي الْمِحْرَابِ أَنَّ اللّهَ يُبَشِّرُكَ بِيَحْيَـى مُصَدِّقاً بِكَلِمَةٍ مِّنَ اللّهِ وَسَيِّداً وَحَصُوراً وَنَبِيّاً مِّنَ الصَّالِحِينَ  * قَالَ رَبِّ أَنَّىَ يَكُونُ لِي غُلاَمٌ وَقَدْ بَلَغَنِيَ الْكِبَرُ وَامْرَأَتِي عَاقِرٌ قَالَ كَذَلِكَ اللّهُ يَفْعَلُ مَا يَشَاءُ﴾ 

        «Сонда Зәкәрия Раббысына: «Раббым! Маған Өз қасыңнан ізгі ұрпақ сыйла! Расында Сен тілекті естушісің!» – деді. Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтінде оған періштелер: «Расында Алла сені Алланың сөзін растаушы, мырза әрі ұстамды, ізгі пайғамбар Жақиямен қуандырады», – деп дауыстады. Сонда ол: «Уа, Раббым! Менде қалайша бала болады? Өзімнің жасым ұлғайған әрі әйелім де бедеу», – деді. Ол (Алла): «Алла қалағанын жасайды», – деді» (Әли Имран, 38-40).