Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Отбасы
        3. Сурогаттық тәсіл дейміз ғой, Ислам діні бұл мәселеге қандай қөзқараста?
        Сурогаттық тәсіл дейміз ғой, Ислам діні бұл мәселеге қандай қөзқараста?

        Сурогаттық тәсіл дейміз ғой, Ислам діні бұл мәселеге қандай қөзқараста?

        Сұрақ: Сурогаттық тәсіл дейміз ғой, Ислам діні бұл мәселеге қандай қөзқараста?

        Жауап: Бала көтере алмаған әйелдің медициналық жолмен көтеруі

        Отау құрып, шаңырақ көтерген жандардың арманы балалы болу екендігі табиғи заңдылық. Өйткені үйленудегі басты мақсаттың бірі – артта ізгі ұрпақ қалдыру. Басқа да нығметтер секілді перзентті болу да Алланың сыйы болып саналады.

        Алайда Алла Тағала жаратқан нәрселердің бәрінің де себеп-салдары бар. Сол себеп-салдарды зерттеп, себебін ашып, шарасын қарастырудың Алла Тағаланың әміріне қайшы келмейтіні анық. Сондықтан да бедеулігі себепті табиғи жолмен сәби көтере алмаған әйелдердің дәстүрлі медициналық жолмен емделіп, сол арқылы бала көтерулеріне болады. Кез келген кеселдің шипасын, одан арылудың жолын іздеу Пайғамбардың (с.а.с.): «Әрбір дерттің емі бар», – деген хадисіне амал ету болып табылады.

        Медициналық – суррогаттық жолмен туылған ең алғашқы сәби 1978 жылы ағылшын отбасында дүниеге келген. Қазіргі заманғы мұсылман ғалымдарының көзқарасы бойынша ерінің ұрығын зайыбының құрсағына салу арқылы бала көтеру шариғат заңдылықтарына қайшы келмейді.  

        1986 жылы Иордания астанасы Амман қаласында суррогаттық жолмен бала көтеру тақырыбында өткен жиналыста Ислам елдері Конференциясы жанындағы Ислам Хұқығы Академиясы бекіткен қарар бойынша мынадай жағдайлар шариғат негіздері мен қағидаларына қайшы болып табылады:

        1. Еркектен алынған ұрықты бөтен әйелдің аналық безімен ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды ұрық алынған еркектің заңды зайыбының құрсағына салу.
        2. Бөтен еркектің ұрығын қолдану арқылы пайда болған эмбрионды әйелдің құрсағына салу.  
        3. Ерлі-зайыптыдан алынған ұрық пен аналық безді ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды бала көтергісі келген басқа бір әйелдің құрсағына салу. 
        4. Бөтен еркектің ұрығы мен бөтен әйелдің аналық безін ұрықтандырудан пайда болған эмбрионды бала көтергісі келген үшінші бір әйелдің құрсағына салу.
        5. Еркектің ұрығы мен заңды әйелінің аналық безін ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды екінші заңды зайыбының құрсағына салу.

        Ал, заңды ерлі-зайыптылардың бірінің ұрығымен екіншісінің аналық безін ұрықтандыру арқылы пайда болған эмбрионды сол зайыбының құрсағына салу жолымен бала көтеру тәсілі шариғат негіздері мен қағидаларына қайшы келмейді.

        Осындай жолмен бала көтеруге рұқсат екендігін бұрынғы ғалымдарымыздан Хатиб әш-Ширбинидің  Муғнил-Мухтаж атты еңбегінен де көруге болады. Ол былай дейді: «Бір әйел ерінің ұрығын өз құрсағына салу арқылы бала көтерсе, ол бала өз балалары болып саналады, әйел бұл ісі үшін күнәһар болмайды».