Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Тәпсір
        3. «Бәйинә» сүресінің тәпсірі
        «Бәйинә» сүресінің тәпсірі

        «Бәйинә» сүресінің тәпсірі

        Әнас ибн Малик (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі () Убай ибн Каъбқа:«Расында, Алла Тағала саған «ләм якунил ләзинә кәфәруды» оқып беруіме әмір етті, – деді.

        Сізге менің атымды атады ма? – деді.

        Иә, – деді пайғамбар (с.ғ.с). Сонда Убай көзіне жас алды»[1].

        «Бәйинә» сүресі «Ләм якун сүресі» деп те аталады. Сүре Мәдина қаласында түскен. Сүреде келесі жайттар баян етіледі:

        1.Хазірет Мұхаммед () пайғамбарлығына қатысты кітап иелерінің көзқарасы;

        2.Құлшылықты Аллаға деген ықыласпен жасау;

        3.Ақыретте бақыттылар мен бақытсыздардың қайтар орны.

        Қасиетті сүре басында яһуди мен насаралардың Алла елшісі () насихатына қатысты ұстанымдары жайлы әңгімеленуде. Кітап иелері пайғамбарлық келгенде, ақырзаман пайғамбарының () сипаттарын білетін. Тіпті, соңғы пайғамбардың келуін күтуде еді. Алайда, елшілердің сұлтаны келген кезде, оның пайғамбарлығын жалған деп, қарсылық пен қырсықтық танытты.

        Кейін сүре иманның маңызды құрамдас бөлігіқұлшылықтағы ықылас жайлы баян етеді. Пенде сөзінде, іс-әрекетінде және ғибадатында тек Алла Тағала разылығын ниет етуіықылас.

        Сондай-ақ, кітап иелері мен мүшріктерден құралған кәпірлердің қайтар жері жайлы, олардың мәңгілікке қалатыны айтылады. Сонымен бірге, мұсылмандар жағдайы, олардың ең биік мәртебелері және жаннатты мәңгі мекен ететіні әңгімеленеді. Олар жаннатта пайғамбарлар, шыншылдар, шейіттер және ізгілермен бірге. Бұл олардың әлемдер Раббысына құлшылық етуі және разылығын іздеуінің сыйы.

         

        بسم الله الرحمن الرحيم

        لمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ وَالْمُشْرِكِينَ 
        مُنْفَكِّينَ حَتَّى تَأْتِيَهُمُ الْبَيِّنَةُ

        1.    Кітап иелерінен және мүшріктерден (Аллаға серік қосушылардан) қарсы шыққандар (күпірлік еткендер) өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін ажырамаған еді.       

        Кітап иелеріяһуди мен насаралар. Ал, мүшріктерпұтқа табынушылар. Ашық дәлелҚұран немесе Алла елшісі ().

        رَسُولٌ مِنَ اللَّهِ يَتْلُو صُحُفًا مُطَهَّرَةً

        2.    (Ол дәлел) кіршіксіз таза жазбаларды оқитын Алла тарапынан жіберілгенПайғамбар (еді).

        Бұл дәлелАлла құзырынан жіберілген елші Мұхаммед (). Алла елшісі () оларға Құранды жатқа ешбір бұрмаламай және жалған сөз қоспай оқып беруде. Әсілі, Пайғамбар () оқу-жазуды білмейтін кісі болды.

        فِيهَا كُتُبٌ قَيِّمَةٌ

        3.    Ол (жазбаларда) ең тура үкімдер бар

        Нұсқаларда жазылған аяттар еш бұрмалауы жоқ үкімдер. Бұл нұсқаларда ізгілік пен тура жол бар. Өйткені, ҚұранАлла Тағала түсірген кітаптардың жемісі.

        وَمَا تَفَرَّقَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ إِلَّا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَتْهُمُ الْبَيِّنَةُ

        4.    Дегенмен, өздеріне кітап берілгендер оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді.

        Кітап иелері Мұхаммед () пайғамбарға қатысты анық дәлел келген кезде ішінара жақтаушы мен қарсы келушілерге бөлініп кетті. Кейбірі иман етсе, кейбірі қарсы шығып кәпір болды.

        وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ 
        حُنَفَاءَ وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ

        5.    Олар ғибадатты нағыз Аллаға, шынайы ынтамен намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне, осыдұрыс дін.

        Кітап иелері өздеріне түскен Тәурат пен Інжілде Алла Тағалаға серік қоспай құлшылық етуге, құлшылықтарын тек Аллаға арнауға (ықылас етуге), серік қосудан аулақ болуға, жалғаннан қашып ақиқатқа жақын болуға, парыз намаздарын өз уақытында толық оқуға және зекетті мұқтаждарға беруге әмір етілген еді. Міне, бұлтура дін. Алайда, олар кітаптарын бұлмалап, өзгертіп ғалымдары мен діндарларына құлшылық ете бастады. Құранда: «Олар (яһуди, насаралар) ғалымдары мен машайыхтарын және Мәриямұлы Исаны Алладан өзге тәңір етіп алды...[2]», – делінген.

        Хашият әс-Сауиде«Бұл аятта құлшылықтар арасынан намаз бен зекетті айрықша етіп айтуы, намаз бен зекет қалған құлшылықтардан дәрежесі жоғары болғандықтан», – дейді.

        إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ وَالْمُشْرِكِينَ فِي نَارِ
         
        جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا أُولَئِكَ هُمْ شَرُّ الْبَرِيَّةِ

        6.    Анығында, кітап иелерінен күпірлік еткендері (Құран мен елшіні мойындамағандары) және мүшріктер мәңгіге тозақ отында қалады.Міне, соларжаратылғандардың ең жаманы.

        Кітап иелері яһуди мен насаралардан шыққан кәпірлер мен пұтқа табынушылардың қиямет күні қайтар жері тозақ оты. Олар жаһаннамда мәңгілікке қалады. Міне, олар жаратылыс ішіндегі жағдайы ең жамандары. Бұл олардың көреалмаушылық пен адасушылыққа салынып ақиқаттан бас тартқаны үшін берілген жаза.

         إِنَّ الَّذِينَ آَمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أُولَئِكَ هُمْ خَيْرُ الْبَرِيَّةِ

        7.    Ақиқатында, иман еткен және ізгі іс жасаушылар міне, оларжаратылғандардың ең жақсысы.

        Аллаға және елшісіне сенгендер, сонымен қатар Алла Тағала әмір еткен ізгі амалдарды істегендердің қайтар орны мен жағдайы ең тамашасы.

        جَزَاؤُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ جَنَّاتُ عَدْنٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا عَنْهُ ذَلِكَ لِمَنْ خَشِيَ رَبَّهُ

        8.    Раббыларының құзырындағы олардың сыйлықтарыастынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мәңгі мекен етеді.    Алла олардан разы, олар да Алладан разы. Міне, бұлРаббысынан қорыққан кісі үшін.

        Иман және ізгі амалдар үшін қиямет күні берілетін сауап Алла Тағаланың жаннаты. Ғадынжаннат атауларының бірі. Жаннат баулары мен бөлмелерінің астынан өзендер ағады. Олар жаннатта мәңгіге қалады. Әміріне бойұсынғандары үшін Алла разы болады. Олар да берілген сауапқа қуанып риза болды. Міне, бұл әрбір амалында Раббысына тақуалық еткенге ұсынылатын сыйлық.

         

        Ықылас жайлы

        Ықыласқұлшылықтың өзегі. Құдси хадисте«(Алла Тағала) Маған ортақ етіп қосылғандардан Мен биікпін. Кімде-кім Маған біреуді ортақ етіп амал етсе, ол адамды серігімен бірге қалдырамын», – деп айтылған.

        Ғұламалар амалды үшке: әмірлер, тыйымдар және мүбәхтар (ерікті) деп бөлген. Әмір амалдарды орындаудағы ықылас Алла Тағала разылығын көздеу. Әмір амалда Алла Тағаладан басқаны ниет ету көзбояушылық болып, амал қабыл етілмейді. Тыйым амалдардан ешбір ниетсіз бас тарту жай істемеу болып, ешбір сауап жазылмайды. Ал, тыйымды Алла разылығын қалап бас тартса, тыйымды тәрк еткені үшін сауап алады. Ал, мүбәх: тамақтану, ұйықтау, әйелімен бірге болу секілді әрекеттерді ешбір ниетсіз істесе, оған сауап жоқ. Алла Тағала разылығын ниет етсе, сауап жазылады. Әрбір мүбәх қарапайым әрекет Алла разылығын ниет етумен Жаратушыға жақындататын амалға айналады. Мәселен, тамақтануда құлшылық үшін әлдену, әйелімен болуда күнәдан пәк болуды ниет ету сияқты.

         

        ҚМДБ наиб мүфтиі,

        «Әзірет Сұлтан» мешітінің

        Бас имамы Серікбай ОРАЗ

        [1]    Ахмед, Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Нәсаи

        [2]    Тәубе сүресі, 31-аят