Қара зеренің жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары кезінде қолдану рецептері қандай?
Сұрақ: Қара зеренің жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары кезінде қолдану рецептері қандай?
Жауап:
Ревматизм және бұлшық ет аурулары
- Қара зере мен зәйтүн майының қоспасын аз мөлшерде алып шамалы қыздырып ауырған жерді ысқылап сүрту керек. Сонымен бірге қара зерені балмен араластырып қыздырып ішіңіз.
- Аш қарынға сарымсақтың 5 бөлігін жеп, 1 сағаттан соң 1 стакан корицаны шай сияқты демдеп, оған 5 тамшы қара зере майын тамызып ішу керек.
Жүрек тұсының шаншуы
1 кесе ыстық сүтке бірнеше тамшы май тамызып, 1 шай қасық бал қосып ыстықтай ішу керек.
Қан қысымы жоғарылағанда (гипертония)
Емдеу барысында қана қысымын бақылау керек!
1. 100гр бал мен бір лимонның шырынын араластырып, 1 шай қасық қара зере майын қосып жатар алдында жарты стакан жылы сумен 1 ас қасықтан қабылдау керек.
2. Жаңа сығылған қызылша шырынын (100мл) 1 ас қасық балмен және 1 шай қасық уатылған қара зеремен араластырып, 1 ас қасықтан күніне 3-5 рет қабылдайды.
Қан қысымы төмендегенде (гипертония). Емдеу барысында қан қысымын бақылау керек! Қара зере майының бірнеше тамшысын шай, сүт, кофе сияқты ыстық сусынға тамызып күніне 3-4 рет ішеді.
Атеросклероз
50мл сарымсақ суын сығып 1 ас қасық балмен араластырып күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан тамақтан 30-40 минут бұрын қабылдайды. Бұдан бөлек таңғы астан 15-30 минут бұрын жарты шай қасық қара зере майын ішу керек. Емдеу курсы: 4-6 апта. Бір ай үзілістен соң емді қайта бастауға болады.
Кардионевроз (жүрек неврозы)
1-2 ай бойы күнделікті таңертең және кешке 30гр, түстен кейін 40-60гр бал жеу керек. Кешке жейтін балды 1 стакан жылы сүтке немесе шайға ерітіп үстіне 1 шай қасық қара зере майын қосып жатардан 30 минут бұрын қабылдйды.
Ревматизм
Фарфор шайнекке (эмаль ыдыс) қатты қайнап тұрған суға ит бүлдірген (1 стакан қайнаған суға 20гр жапырақ) жапырағын демдейді. Соның 1 стаканына 1 ас қасық бал мен 0,5 шай қасық қара зере майын ерітіп күніне 3 рет ішеді
Варикоздық ұлғаю
1. Таңғы астан 15-30 минут бұрын жарты шай қасық қара зерені ішеді. Кешкісін жарты шай қасық қара зереге 1 шай қасық балды араластырып қоспаны ауырған жерге жағып бетін полиэтилен жауып жылы таңғышпен орап байлайды. Бірінші күні компресті 2 сағатқа, 2-3 күні-4 сағатқа, содан кейін түні бойына қалдырады. Емдеу курсы 45-50 компресс.
2. 250 гр тазартылған сарымсақты езіп 350гр бал қосып 7 күн бойы тұндырады, қабылдар алдында үстіне 20 тамшы қара зере майын тамызып бір ас қасықтан күніне үш рет тамақтан 40 минут бұрын ішу керек.
Жүрек ауырулары (дәрігермен кеңескеннен кейін)
1. Бір ас қасық балды күніне 2-3 рет қабылдайды (оны жылы суға ерітуге немесе жеміспен жеуге болады).
2. Бір стакан селдерей шырынына 0,5 шай қасық қара зере майын және 1 ас қасық бал қосып, жарты стаканнан күніне 2 рет ішеді: таңертең аш қарынға және кешкісін жатар алдында.
Стенокардия (дәрігермен кеңесу керек!)
50 мл қара зере майын, 1 литр бал, 10 лимон және 5 бас (бөлік емес) сарымсақ аласыз. Лимонның шырынын сығасыз. Сарымсақты тазалап ет тарқыштан өткізесіз. Барлық компоненттерді араластырып, шыны ыдысқа салып аузын қақпақпен бекітіп салқын жерге қойыңыз. Бір аптадан соң күніне 1 рет 4 шай қасық тамақтан 20-30 минут бұрын қадылдауға болады (әрбір қасықты қабылдағаннан кейін 1 минут үзіліс жасау керек).
Анемия (қан аздық)
1. 800 мл бөлме температурасындағы қайнаған суды, 180 гр бал, 50 гр перга, 2 ас қасық қара зере майын алып, балды суға ерітіп үздіксіз қозғай отырып перга мен майды қосып алынған қоспаны бөлме температурасында бірнеше күнге ашығанға дейін қояды. Оны 100-150 мл тамақтан 20-30 минут бұрын ішеді.
2. Анемияның барлық түріндегі ауруларға сүтті-балды-тозаңды қоспаны қолдануға болады: 20 гр үгілген тозаң (перга), 100 гр бал, 200 гр жаңа сауылған сиыр сүті. Барлық компоненттерді араластырып, шыны ыдысқа салып аузын қақпақпен бекітіп қойыңыз. Күніне 1 шай қасықтан 3 рет тамақтан бұрын ішеді немесе нанға жағып жейді. Емдеу курсы екі-үш апта үзіліспен 1-2 ай, қажет жағдайда қайталайды.
Жүрек кеселі: Жүрек құлақшасының тарылуы
Жарты шай қасық қара зерені 1 ас қасық балмен араластырып 1 кесе ыстық шаймен таңертең аш қарынға және кешкісін жатар алдында ішу керек.
Қандағы холестерин мөлшерін төмендету
1. Жарты шай қасық қара зерені 1 ас қасық балмен араластырып 1 кесе ыстық шаймен таңертең аш қарынға және кешкісін жатар алдында ішу керек. Сиыр майы бар тағамды қолдануға болмайды.
2. Бір стакан жүзім шырынына 1 шай қасық қара зере мен 1 ас қасық бал қосып таңертең аш қарынға және кешкісін жатар алдында ішу керек.
Қан тамырлары жүйесінің аурулары
Бір шай қасық қара зере майын 1 ас қасық балмен және бір бөлік езілген сарымсақпен араластырып 5 күн аш қарынға ішеді. Сондай-ақ 5 тамшы майды 1 стакан тимьян немесе жалбыз сусынымен тұрақты түрде қолдануға болады.
а) қандағы холестеринді төмендету:
- 7 тамшы майды жалбыз шайіне тамызып, аздап бал қосып күніне бір рет аш қарынға ыстықтай ішеді, сиыр майы бар тағамды қолдануға болмайды.
б) жүрек аурулары, қан тамырларының тарылуы:
-жарты шай қасық қара зере майын ішу керек. Майлы тығындарды ерітіп, қан тамырларының кеңеюіне мүмкіндік жасайды.