Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зеренің тыныс алу жолдарының аурулары кезінде қолдану рецептері қандай?
        Қара зеренің тыныс алу жолдарының аурулары кезінде қолдану рецептері қандай?

        Қара зеренің тыныс алу жолдарының аурулары кезінде қолдану рецептері қандай?

        Сұрақ: Қара зеренің тыныс алу жолдарының аурулары кезінде қолдану рецептері қандай?

         Жауап:

        Түрлі жолмен пайда болған жөтелдер

        Жарты шай қасық қара зере майын таңертең аш қарынға ішу керек. Одан соң екі сағат су ішпеу керек. 1:5 қатынасындағы қара зере мен зәйтүн майының қопасымен кеудені ысқылайды. Қара зере майының буымен дем алған жөн.

         

        Тұмау (грипп)

        1: 5 қатынасындағы қара зере мен зәйтүн майын араластырып күніне 3-4 рет мұрынға тамызады. Жөтел де, тұмау да кетеді. Тыныс жолдарының қабынуында дәріні келесі түрде қолдануға кеңес беріледі: танауды булау әдісі (1 ас қасық қара зере майын 1 стакан қайнап тұрған суға тамызып буымен дем алу).

        Мұрынның сыртын майлау керек. Бір шай қасық қара зере майын кешкі астан 15 минут бұрын ішіп артынан бал ерітілген суды ішу керек.

         

        Кеуде аурулары және суық тию

        Жарты ас қасық қара зере майын қайнап тұрған суға тамызып буымен дем алу қажет. Қақырық түспеген жағдайда жарты шай қасық қара зере майын жарты стакан лимон шырынымен қосып ішу керек (дәміне қарай бал қосуға болады).

         

        Қолқа демікпесі

        100гр раушан гүлі (розовые лепестки),  500гр үгілген шикі асқабақ, ұсақтап туралған 5 жолжелкен жапырағы, 1 ас қасық қара зере майы, 2 ас қасық бал, 1 литр су. Осыларды қайнағанға дейін отқа қойып, қайнатпай, бір тәулік тұндырады. Сүзгіден өткізеді. Ас қасықпен күніне бес рет ішу керек.

         

        Бронхит  

        500 гр жолжелкен шырынын 500 гр балмен араластырып, қоспаны баяу отта 20 минут бойы қайнатады. Салқындаған қоспаға 5 шай қасық қара зере майын қосады. Тамақтан бұрын 1 ас қасықтан күніне үш реттен 2-3 күн бойы ішеді. Кеуде мен арқаны, жауырынның астын маймен сылап, жылы оранып жату керек. Тамақ пен мұрынды 5-10 минут бойы булау қажет (1л суға 1ас қасық қара зере майы)

         

        Пневмония (өкпенің қабынуы)

        Тамақ пен мұрынды булаған соң маймен сүрткен де дұрыс. Кеуде мен жауырынның астын маймен сылау керек. Тамақ пен мұрынды 5-10 минут бойы күніне екі рет булау (1л суға 1ас қасық қара зере майы) қажет (таңертең және кешке). Курсты 20-30 күн қайталаған дұрыс, жылы оранып жату керек.

         

        Жөтел

        1. Күшті жөтел кезінде 3-5 тамшы қара зере майын тамызғыш (пипетка) арқылы тілдің түбіне таңертең және кешке тамызады.

        2. 1 стакан шалқан сөлін 2 ас қасық балмен және 2 шай қасық қара зере майымен араластырып 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Балаларға 1/3 шай қасықтан 3 рет.

         

        Қақырық түсірудің емі

        Өгейшөптің (мать и мачеха) 1 ас қасық жапырағын бір стакан қайнап тұрған суы бар эмальды ыдысқа салып, бетін жауып 15 минут қайнатады. Сосын ол бөлме температурасына дейін салқындаған соң тұнбаны сүзіп, суын сарқып алып, алынған сұйықтыққа қайнаған су қосып, 200 мл-ге жеткенше толтыру керек. Содан кейін оған бір ас қасық бал мен бір шай қасық қара зере майын араластырып, алынған қоспаны күніне 2-3 рет 1/3 стаканнан қабылдау керек. Емдеу курсы 10-15 қабылдаудан тұрады.

         

        Өкпе туберкулезі

        Эмальді кастрюльге 100гр бал, қаздың майы және какао ұнтағы салынады. Оған 15 мл алоэ сөлін қосып, қайнатпай қыздырады. Сосын оны шыны ыдысқа салады да, 1 шай қасық қара зере майын қосып, жақсылап араластырып, ыдысты мықты қақпақпен жауып, тоңазытқышта сақтайды. 1 ас қасығын ыстық сүтке араластырып таңертең және кешке тамақтан 30-60 минут бұрын қабылдайды.

         

        Тыныс жолдары аурулары (ОРЗ)

        Таңертең және кешке желке тұсы мен кеудені қара зере майымен сылайды. Сосын табанын да маймен сылап жүн шұлық киіп, оранып төсекке жату керек. Ауырған адамға терлететін шөптер жинағын береді.

         

        Тұмау (насморк)

        Дәрігер әл-Интаки қара зере майын қыздырып матадан жасалған қалташаға құйып, оны тұмау кезінде танауды булауға қолдануға болатынын айтқан.

        Қара зере майына малынған мақтаны 15-20 минутқа мұрынға қояды. Бірден жеңілдеп қалады. Тұмау қатты тигенде мұны қайталайды.

         

        Қызудың көтерілуі

        1 стакан жалбыз тұнбасына 7 тамшы қара зере майын қосып күніне 3 рет тамақтан соң, апта бойы ішеді. Сонымен бірге маймен денені сылауға да болады.