Қара зерені асқазан-ішек жүйесінің аурулары кезінде қолдану тәсілдері қандай?
Сұрақ: Қара зерені асқазан-ішек жүйесінің аурулары кезінде қолдану тәсілдері қандай?
Жауап:
Он екі елі ішек пен асқазан жарасы
10 тамшы қара зере мен 1 шай қасық балды араластырып күнделікті таңертең 1 шай қасықтан 1 стакан сүтпен ішу керек. Мұны үздіксіз екі ай бойы жалғастыру керек.
Шектен тыс газ бөліну (метеоризм, іштің кебуі)
Бірдей мөлшердегі уатылған қара зере дәні, укроп (ground fennel) және бұрыш жалбызын (перечная мята, peppermint) араластырып, 3-4 тамшы қара зере майын қосады. 1 шай қасықты 1 стакан қайнаған суға салып балмен дәмін кіргізіп, күніне 2 рет қабылдайды.
Алма сірке суы мен қара зере майына малынған компресті ішке қою керек.
Созылмалы немесе өткір (күшті) гепатит (бауыр ауруы)
1 стакан суға қайнатылған ива талының жапырағына 5 тамшы қара зере майын тамызып, күніне 2 реттен 1 апта бойы ішу керек.
150гр балға 5 тамшы қара зере майын , 1 ас қасық ұнтақталған емен қабығын қосып, күніне үш рет 1 ас қасықтан үздіксіз 1 ай бойы қабылдау керек.
Созылмалы гепатит
1 стакан желкектен (хрен), 1 стакан қызыл сәбіз шырынынан 2 ас қасық бал, 2 шай қасық қара зере майынан тұратын қоспаға аздап лимон шырынын қосып араластырады. Күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын 1ас қасықтан 30 күн бойы қабылдайды.
Көк бауырдың қабынуы
1 стакан қайнаған суға 1 шай қасық укропты 3-5 минут қайнатады. 7тамшы қара зере майын қосып апта бойы ішу керек.
Секрециясы жоғары созылмалы гастрит
1 ас қасық балды 1 стакан итмұрын қайнатпасына ерітіп, күніне үш рет тамақтан 1,5-2 сағат бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 1,5-2 ай.
Энтерит (аш (тонкая) ішектің қабынуы)
1 ас қасық балды 1 стакан итмұрын қайнатпасына ерітіп, күніне үш рет тамақтан 1,5-2 сағат бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 1,5-2 ай.
Колит (тоқ ішектің қабынып ауруы)
1 ас қасық балды 1 стакан итмұрын қайнатпасына ерітіп, күніне үш рет тамақтан 1,5-2 сағат бұрын қабылдау керек. Емдеу курсы 1,5-2 ай.
Гастрит
1. 500гр бал мен 500гр жолжелкен жапырақтарының шырынын араластырып, қоспаны эмальды ыдысқа салып баяу отта 5-10 минут бойы қайнатады. Салқындаған қоспаға 50мл қара зере майын қосады. Тамақтан бұрын 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
2. Қышқылы төмен гастрит кезінде балды салқын суға ерітіп тамақтан бұрын 1-2 ай ішеді. Таңертең және кешке 20-25грамнан, күндіз 40-50грамнан.
3. Қышқылы жоғары гастрит кезінде балды жылы суға ерітіп сол мөлшерде қабылдайды.
Асқазан жарасы
1 стакан суға 1 ас қасық зығыр дәнін қосып 2-3 минут қайнатады., тұнғаннан кейін 1 шай қасық қара зере майын қосып таңертең және кешке 1/2 стаканнан ішеді (тәтті мен цитрус жемістерін қолданбаған дұрыс).
Он екі елі ішек пен асқазан жарасы, қышқылы жоғары гастрит
1 стакан қайнаған жылы суға 30-40 гр балды ерітіп аш қарынға ыстықтай не жылы күйінде ішу керек (тамақтан 1,5-2 сағат бұрын немесе 3 сағат кейін). Тәуліктік мөлшері – 70-100гр. Емдеу курсы 1,5-2 ай.
Өт және өт жолы ауруларында 1 шай қасық қара зере майы мен 2 шай қасық балды 1 стакан қайнаған жылы суға ерітіп ½ стаканнан күніне 2 рет ішу керек.
Ішек құрты ауруы
1 ас қасық қабығынан тазартылған асқабақ дәні, 1 ас асық қара зере дәні және 1 ас қасық балдан қоспа жасап шай қасықпен күніне үш рет қабылдау керек.
Геморрой
1 шай қасық қара зере майынан және 2 ас қасық зәйтүн майынан қоспа дайындап күніне 2 рет 1 шай қасықтан 10 күн бойы ішу керек. Іш қатып қалмас үшін ауырған жерді маймен сылау керек.
Іш қату
300 гр пісірілген асқабақты езіп 1 шай қасық қара зере майын және бал қосып, күніне 2 рет (таңертең және кешке) қабылдайды.
1 стакан жылы сүтке 1 шай қасық бал мен 1ас қасық қара зере майын ерітіп ішу керек.
Іш кебу мен бүйен ауруын емдеу
100 гр қара зере дәнін уатып 75 гр өсімдік қантымен қосып, күніне екі рет (таңертең және кешке) сумен бірге ішу керек.
Ауыздан шыққан жағымсыз иіс кезінде
Тамақтан соң және жатар алдында 1 ас қасық балды 1 стакан суға ерітіп ауызды шаю керек.
Өт жұмысын жақсарту үшін
1 шай қасық қара зере дәніне 1 стакан қайнаған су құйып термоста 2 сағат тұндырып, сүзіп алады. күніне 1-2 ас қасықтан 3-4 рет қабылдайды.