Қара зеренің зәр шығару жолдары ауруларында қолдану рецептері қандай?
Сұрақ: Қара зеренің зәр шығару жолдары ауруларында қолдану рецептері қандай?
Жауап:
Бүйрек ауруы
1 шай асық итбүлдірген жапырағын фарфор шайнекке салып үстіне қайнап тұрған су құяды. Салқындаған соң тұнбаға 1 шай қасық қара зере майын және 1 ас қасық бал қосады. Күніне 2 рет тамақтан бұрын жарты стакан ішу керек (таңертең және кешке).
Бүйректегі тас
100 гр қара зерені 300 гр балмен қосып, жақсылап араластырады. Жарты стакан суға 2 шай қасық қоспаны ерітіп таңертең аш қарынға ішу керек.
Бүйректе тас пен құм болған кезде
100 гр қара зере майын 200 гр балмен, 200 гр лимон шырынымен араластырып 10 күн тұндырады. Қара түсті шыны ыдысқа құйып алады. Салқын жерде сақтау қажет. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан 2 апта бойы қабылдау керек. Курсты 1 аптадан соң қайталайды.
1 килограмм петрушканы тамырымен және бір ірі сельдерей тамырын ұсақтап турап, 1 кг ара балын және 1 л суды араластыра отырып баяу отта қайнағанға дейін қыздырады. Үш күн тұндырады. Сосын тағы да бір литр су құйып қайнауға дейін жеткізеді де жылыдай сүзіп алады. 100 гр қара зере майын қосады. Алынған құрамды 3 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтан бұрын 2 апта бойы қабылдайды. Курсты 2 аптадан соң қайталайды.
Зәр шығару жолдарының ауруы кезінде
1 ас қасық алтей гүлін фарфор шайнекке салып үстіне қайнап тұрған 1 стакан су құйып 15-20 минут тұндырады. 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық қара зере майын қосып, 1/3 стаканнан күніне 3 рет қабылдайды.