Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Медицина
        3. Қара зерені ЛОР (құлақ, тамақ, мұрын) ауруларына қолдану тәсілдері қандай?
        Қара зерені ЛОР (құлақ, тамақ, мұрын) ауруларына қолдану тәсілдері қандай?

        Қара зерені ЛОР (құлақ, тамақ, мұрын) ауруларына қолдану тәсілдері қандай?

        Сұрақ: Қара зерені ЛОР (құлақ, тамақ, мұрын) ауруларына қолдану тәсілдері қандай?

        Жауап:

        Құлақ ауруы

        1 түйір сарымсақты 3 күн 2 шай қасық қара зере майына жібітіп, сүзіп алады. Алынған қоспаны 1-2 тамшыдан құлаққа тамызып құлақтың айналасын қара зере майымен сылайды.

         

        Тіс ауруы

        Ұнтақталған қара зерені зәйтүн майымен паста болғанша араластырып, ауырған тіске қояды.

        200 гр. алма сірке суын 2 ас қасық ұнтақталған қара зеремен қайнатып, сүзеді. Алынған сұйықпен тісті бірнеше күн шаяды.

         

        Тонзиллит (жұтқыншақ безінің ісуі)

        500 гр. суға 2 шай қасық ұнтақталған қара зереі қайнатып, сүзеді. Онымен  тамақты күніне екі рет шаяды.

         

        Пародонтоз

        Балды балауызымен бірге шайнап, балауызын түкіріп тастайды. Шайнағанда ауызбен дем алып, мұрынмен демді шығарады.

         

        Құлақтың ортаңғы бөлігі мен мұрын қуысының қабынуы

        Арнайы тазартылған шыны таяқшасымен араның ұясынан бал алып, әрбір 3-4 сағатта мұрынның екі тесігіне кезекпе-кезек 1-2 тамшыдан тамшылатады.

         

        Ларингит

        100 гр. алоэ сөлі мен 500 гр. ұнтақталған грек жаңғағына 300 гр. 3-4 түйір лимонның шырынын сығып қосып, жақсылап араластырады. Алынған қоспаны күніне  шай қасықпен 3 рет пайдаланады.

         

        Ангина

        1. Қара зере майының 2-3 тамшысын тамызғыш (пипетка) арқылы таңдай бездеріне (гланда) тамызады. Болмаса мақтаны майға батырып, онымен таңдай бездерін сүртуге болады. Осы емді күніне 3-4 мәрте қайталайды. Емнің ұзақтығы 2-3 күн.
        2. Ангина, тонзиллит, тіл және қызылиек ауруларында 30% үлеспен суға араластырылған бал қоспасына 1 шай қасық зере майын қосып, күніне тамақтан кейін 3-4 мәрте шаю керек. Мұндай ауруларға әсіресе жөке, түйе бұршақ және акация балдарының емдік әсері күштірек. Шаюды жылы қоспамен жасаған жөн.

         

        Созылмалы ангина

        Созылмалы ангинада мақтаны қара зере майына батырып, онымен таңдай бездерін (гланда) сүртіп, сосын сыртқы аймағын маймен сүрту керек. Содан кейін мұрынға 1-2 тамшы май тамызады. Егер күйдірсе немесе мұрыннан қақырық шықса, қорықпау керек, ол 5-10 минуттан соң бұл құбылыстар тоқтайды.

         

        Есту қабілетінің төмендеуі

        1 шай қасық қара зере майын 50 гр. зәйтүн майымен араластырып, қайнатады. Суыған соң тұндырып, құлаққа 2-3 тамшы тамызады.

         

        Балалардың созылмалы тонзиллиті

        1 ас қасық алоэ сөлін 1 шай қасық қара зере майын, 3 ас қасық балды араластырып 2 апта бойы таңғы астан бұрын көмекей бездеріне жағады. Қажет жағдайда емдеу курсын қайталайды.

         

        Тіс пен қызыл иектің қабынуы

        1 шай ұнтақталған қара зерені кішкене мөлшердегі суға қайнатыпоны алманың ішіне салады. Сағыз ретінде қолданады. Ауызды қара зере мен алма сірке суының қоспасымен шаю керек.

        Қара зерені қуырып ұнтақтайды. 6%-тік асхана сірке суын қосып ботқа тәрізді болғанша араластырады. Сағыз ретінде қолданады.

         

        Құлақ ауруы

        Құлаққа 1 тамшы таза қара зере майын тамызу керек.ол құлақты тазалап ауруын басады. Жарты шай қасық қара зере майын күніне бір рет ішу керек. Маймен бастың желке тұсы мен самайды сүртеді.

         

        Ауыздың уылуы (стоматит)

        Балды балауызымен бірге шайнап, балауызын түкіріп тастайды. Шайнағанда ауызбен дем алып, демді мұрынмен шығарады.

         

        Қызыл иекті бекіту мен тістің өңезін (налет) тазалау

        Балды балауызымен бірге шайнап, балауызын түкіріп тастайды. Шайнағанда ауызбен дем алып, демді мұрынмен шығарады.

         

        Мұрын қуысының қабынуы. Кеңсірік ауруы (гайморит)

        Балды балауызымен бірге күніне 5-6 рет шайнап, балауызын түкіріп тастайды. Шайнағанда ауызбен дем алып, демді мұрынмен шығарады.

         

        Отит (бұлақ ағу, құлақтың қабынуы)

        30%-тік прополис тұнбасы мен 70%-тік спирт сіңірілген дәке ні құлаққа қояды. Оны күнде ауыстырады. Емдеу курсы 1-2 апта.

         

        Ранит (мұрын қуысының қабынуы)

        Мұрынды булау керек (1 стакан қайнап тұрған суға 1 ас қасық қара зере). Мұрынның сыртына қара зере майын жағады.

        1 шай қасық қара зере майын 1 ас қасық балмен  араластырып жарты стакан сумен ішеді. Таңертең және кешке тамақтан 15 минут бұрын қабылдайды.